Өмірбаян

Мен, Әзберген Мейірбек Іңкәрбекұлы, 1954 жылы 18 сәуірде Жамбыл облысы Талас ауданының Шолақтау поселкасында (бүгінде Қаратау қаласы) дүниеге келдім.

1961 жылы Қаратау қаласындағы Н.К.Крупская атындағы сегізжылдық мектеп- интернаттың бірінші класына бардым. 1966 жылы үлгілі оқу және қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысқаным үшін Бүкілодақтық «Артек» пионер лагеріне жіберілдім. 1969 жылы аталған мектепті үздік бітіріп, Жамбыл қаласындағы «Октябрь революциясы» атындағы мектебіне келіп, аталған мектепті 1971 жылы бітіріп шықтым. 1971-1976 жылдар аралығында Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтында оқып, «Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс» мамандығы бойынша «инженер-құрылысшы» квалификациясын алып шықтым.

Еңбек жолын 1976 жылы Қаратаудағы таукен–құрылыс техникумында оқытушылықтан бастадым. Осы жылдың желтоқсан айынан бастап Қазақ политехникалық институтының Қаратаудағы филиалына ғылыми–педагогтық жұмысына ауыстым, 1980-1981 жылдары аға оқытушы, «Құрылыс өндірісінің технологиясы және конструкциялар» кафедрасының ашылуына белсене қатысып, бірінші кафедра меңгерушісі болып қызмет атқардым. 1981-1985 жылдар аралығында Мәскеу қаласында (В.Куйбышев атындағы МИҚИ және С.Я.Жук атындағы «Гидропроект» ҒЗЖІИ) ғылыми стажировкалар мен аспирантураны бітіріп, 1986 жылы кандидаттық диссертацияны Мәскеу инженерлік-құрылыс институтында 01.02.07 – «Топырақтар және сусымалы денелер механикасы» мамандығы бойынша қорғадым.

1986-1995 жылдар аралығында үзіліссіз «Құрылыс өндірісінің технологиясы және конструкциялар» кафедрасын басқардым, сонымен қатар филиал директорының ғылыми жұмыстары жөніндегі орынбасары қызметін атқардым. Осы жылдар ішінде Ғылыми кеңестің   мүшесі, Ғылыми-техникалық кеңестің төрағасы, филиалдың «Құрмет тақтасына» ену құрметіне ие болдым.

1996-2003 жылдар аралығында Тараз мемлекеттік университетінің аға ғылыми қызметкері, «Құрылыс» кафедрасының доценті, 2003-2007 жылдары аталған кафедраның меңгерушісі, доцент қызметтерін атқардым.

2001-2002 жылдары Қаратау қаласындағы Агротехникалық университетінің ғылыми-әдістемелік жұмыстары жөніндегі проректоры қосымша қызметін, 2006-2007 жылдары - Гуманитарлық-техникалық институтының оқу және ғылыми-әдістемелік жұмыстары жөніндегі проректоры қызметін атқардым.

2007-2009 жылдары Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетінде «Тараз» институты директорының оқу және оқу-әдістемелік жұмыстары жөніндегі директор орынбасары, аталған университетің Оқу-әдістемелік департаментінің директоры және Ғылым департаменттерінің директоры, ал 2009 жылы - Тараз техникалық институтының ғылыми-әдістемелік жұмыстары жөніндегі проректоры қызметтерін атқардым.

2009-2011 жылдары – М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті Оқу-әдістемелік департаментінің сектор жетекшісі, Ғылыми бағдарламалар орталығының директоры, бүгінде – аталған университеттің профессорымын.

1991 жылы «доцент» ғылыми атағына ие болдым, ал 1994 жылы - «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі» төс белгісімен марапатталдым. 1991-1993 жылдар аралығында Қаратау қалалық халық депутаттары кеңесінің депутаты болдым.

1997 жылы Қазақстан Республикасы инженерлік академиясының кеңесшісі және Қазақстан геотехникалық ассоциациясының мүшесі, ал 2000 жылы - Халықаралық ақпараттандыру академиясының мүше-корреспонденті болып сайландым.

2006 жылы Ғылыми кеңестің шешімімен Каратау қаласындағы Гуманитарлық-техникалық институтының «профессоры», 2008 жылы - Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетінің «профессоры», 2011 жылы - М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «профессоры» академиялық атақтарын алдым.

2014 жылы «Қазақстан Республикасының құрметті құрылысшысы» төсбелгісімен марапатталдым.

Бірнеше рет Жамбыл облыстық кәсіп одағы мен Талас аудандық маслихаттың грамоталарымен марапатталдым.

Көптеген халықаралық және республикалық ғылыми форум мен конференцияларына қатыстым, баспадан 91 астам ғылыми және ғылыми-әдістемелік еңбектер жарық көрді.

Үйленгенмін, екі қыз және бір ұлым бар.

×
Stay Informed

When you subscribe to the blog, we will send you an e-mail when there are new updates on the site so you wouldn't miss them.

Biography
Сравнение мобильного веб-сайта и мобильного прилож...