Өмірбаян

Қосынтаев Бауыржан Балтабекұлы 1976 жылы 26 қаңтарда Павлодар қаласында дүниеге келдім. 1983 жылы No6 орта білім беру мектебіне барып, 1993 жылы бітірдім. Сол жылы Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік Университетіне түсіп, 1997 жылы бітірдім. 1997 жылы тамызда Кадем шағын кәсіпорын директорының орынбасары болып жұмысқа қабылдандым.

1999 жылы Павлодар қаласының No34 жалпы білім беретін орта мектебіне дене шынықтыру оқытушысы болып жұмысқа ауыстым. 2001 жылы Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде дене шынықтыру пәнінің оқытушысы болып жұмыс істедім. 2003 жылдан бастап Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетіне дене шынықтыру аға оқытушысы болып ауыстырылдым.

2013 жылы Павлодар қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің толағай балалар жастар клубының басшысы болып тағайындалдым: 2017 жылы Баянтау спорт сарайының спорт ғимаратының меңгерушісі болып тағайындалдым. 2018 жылы Ертіс футбол клубы қоғамдық қорының жанкүйерлерімен жұмыс жөніндегі маман болып тағайындалдым. 2018 жылдың тамыз айынан бастап Павлодар облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының Олимпиадалық резерв колледжі басшысының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары болып тағайындалдым.

Мен некедемін, үш қызым бар: Диана, 2002 жылы туған, 2010 жылы туған Аделия және 2015 жылы туған Риза. Қазіргі уақытта Павлодар қаласында тұрамын.

×
Stay Informed

When you subscribe to the blog, we will send you an e-mail when there are new updates on the site so you wouldn't miss them.

СПИСОК ТРУДОВ
В год 95-летия Чингиза Айтматова «КП» начинает сер...