Өмірбаян
Муслим Джафарович Махмудов 1970 жылы 26 наурызда Павлодар облысының Павлодар қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы Менеджмент магистрі.
1995 жылы Павлодар мемлекеттік университетін «Өнеркәсіптік кәсіпорындарды электрмен жабдықтау» мамандығы бойынша бітірген.
2004 жылы Павлодар университетінде «Менеджмент магистрі» ғылыми дәрежесін алды.
2022 жылы Торайғыров атындағы ПМУ-да «Саясаттанушы» мамандығы бойынша екінші жоғары білім алды.
2022 жылдың шілдесінен бастап «Халықаралық ақпараттандыру академиясы» ҚБ мүшесі.
«Д. Д. Махмудов атындағы «Павлодар қаласының трамвай басқармасы» АҚ-дағы мансабы 1988 жылдың сәуір айынан бастап автокөлік жүргізушісінен басталды. 1995 жылдан бастап қозғалыс қауіпсіздігі бойынша ревизор, 1999 жылдан бастап автопарк бастығы, 2002 жылдан бастап қозғалыс қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді.
2014 жылдан 2016 жылға дейін «Павлодар қаласының трамвай басқармасы» АҚ вице-президенті, бірінші вице-президенті, Басқарма төрағасының орынбасары, Басқарма төрағасы болды.
2017 жылдан 2019 жылға дейін «№1 автобус паркі» ЖШС директорының орынбасары болды.
2019 жылғы маусымнан бастап, қазіргі уақытқа дейін «Д.Д. Махмудов атындағы «Павлодар қаласының трамвай басқармасы» АҚ Басқарма төрағасы болып табылады.
2021 жылдың сәуір айынан бастап Муслим Джафарович Махмудов Павлодар облысының «Д.Д. Махмудов атындағы «Ватан» әзірбайжан қоғамдық бірлестігі» ҚБ басқарады.
Ол әкесі Джафар Джафарович Махмудов сияқты, қоғамның қызмет жолын қолдай отырып, оны белсенді түрде дамытуда.
Қоғам қайраткері ретінде Павлодар облысының әкімдігімен, Павлодар қаласының әкімдігімен, Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық филиалымен белсенді ынтымақтасады, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі болып табылады.
М. Д. Махмудов өзінің лауазымдық өкілеттіктерін адал, жоғары кәсіби деңгейде орындайды.
Басқарушылық шешімдерді ҚР қолданыстағы заңнамасы шеңберінде жылдам және негізделген түрде қабылдайды. Жұмыста құрылымдық бөлімшелердің тиімді өзара іс-қимылына баса назар аударады. Кәсіпорынды басқару әдістерін жетілдіруге, оның озық техникалық жабдықталуына көп көңіл бөледі.
АҚ Басқарма төрағасы қызметінде өзін сауатты басшы және тамаша ұйымдастырушы ретінде көрсетті. Ол өзіне, әріптестеріне және қарамағындағыларға талапшыл. Оған сеніп тапсырылған трамвай депосы қойылған өндірістік міндеттерді сәттілікпен шешуде.
Әріптестермен қарым-қатынаста ол сыпайы және мейірімді.
Қаланың, сондай-ақ бүкіл Павлодар облысының тыныс-тіршілігін дамытуға белсенді қатысады. Бірнеше рет «AMANAT» партиясымен бірлесе отырып, өмірдің қиын кезеңдерінде азаматтарды қолдау мақсатында қайырымдылық акцияларын ұйымдастырды.
2020 жылы «Халық алғысы» медалімен марапатталды, 2021 жылы Елбасы Н.Назарбаевтан «Алғыс хат» алды. Сондай-ақ Павлодар облысы әкімінен, Павлодар қаласы әкімінен, «AMANAT»партиясынан көптеген алғыс хаттары бар.
ҚР Президентінің 2021 жылғы 2 желтоқсандағы Жарлығымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл медалімен марапатталды.
2022 жылы белсенді жұмысы үшін «AMANAT» төсбелгісімен марапатталды. Сондай-ақ, 2022 жылы Ә.Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің 60 жылдығына орай мерейтойлық медальмен марапатталды.
2021 жылғы қаңтардан бастап Павлодар қаласы мәслихатының депутаты болып табылады.
М. Д. Махмудов Павлодар қаласы мәслихатының ТҮКШ жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі.
М.Д.Махмудов үш баланы тәрбиелеп отырған, үлгілі отағасы.
When you subscribe to the blog, we will send you an e-mail when there are new updates on the site so you wouldn't miss them.