ӨМІРБАЯН

Тоғанова Жақсыгүл Қоханқызы 1979 жылы 3 қаңтарда  Жалағаш  ауданында дүниеге келген. 1996 жылы мектепті аяқтап,  осы жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетіне оқуға түседі. 2000 жылы  «Тарих, қосымша мұрағат ісі» мамандығын «Тарих пәнінің мұғалімі, қосымша мұрағат ісі маманы» біліктілігі бойынша бітірді.

Еңбек жолын 2000 жылдан М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінде оқытушы болып бастаған. Оқытушы бола жүріп, 2001-2003 жылдары «Қоғамдық пәндер» пәндік-циклдік комиссия жетекшісі, 2003-2012 жылдары «Сырттай оқу» бөлімінің меңгерушісі, 2012-2013 жылдары «Бастауыш педагогикасы» бөлімінің меңгерушісі, 2013-2020 жылдары директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, 2020 жылдың қараша айынан бастап  колледж директоры қызметін атқарып келеді.

Ж.Тоғанова – Халықаралық ақпараттандыру Академиясының толық мүшелігіне кандидат.

Ж.Тоғанованың ғылыми-зерттеу жұмыстарының, оқу-тәрбие процесіндегі менеджменттік қызметінің нәтижесі ретінде бірнеше оқу-әдістемелік құралдары мен жинақтары жарық көрді: «Мәдениеттану» әдістемелік оқу құралы, Қызылорда 2014 жыл,  ISBN 978-601-229-454-5; «Қазақстан – ядролық қарусыз мемлекет»  жинағы, Қызылорда, 2014 жыл,  ISBN 978-9965-452-73-4; «Оқытудың белсенді әдістері» көмекші құралы, Қызылорда, 2015 жыл, ISBN 978-9965-452-61-1.

Ж.Тоғанова облыстық, республикалық, халықаралық деңгейдегі ғылыми-практикалық конференцияларға қатысып, іс-тәжірибесін жүйелі түрде ақпараттандырып отырады: 2015 жылы қыркүйек айында халықаралық  «Педагог кадрларды даярлаудың проблемалары мен заманауи мүмкіндіктері» атты ғылыми-педагогикалық конференцияда «Кәсіптік білім беретін оқу орындарында оқушы білімін бағалаудың мәселелері» тақырыбында, 2016 жылы «Тәуелсіздік тарихын оқытудың өзекті мәселелері» атты облыстық ғылыми-теориялық конференцияда «Тарих сабағында ТОГИС технологиясын қолданудың тиімділігі», 2017 жылы қараша айында Орал қаласында «М.Мәметованың 95 жылдық мерейтойына арналған «Шығыстың батыр қызы – Мәншүк» атты республикалық ғылыми-практикалық конференцияда «Мәншүк ерлігін оқу-тәрбие процесінде пайдалану арқылы жастарды патриотизмге баулу» тақырыбында баяндамалар жасап, мақалалары жинақтарға енді.

2015 жылы тамыз айында Оңтүстік Кореяның Кёнги Провинциясының Білім департаменті мен ҚР Қызылорда облысы арасындағы өзара ынтымақтастық келісім нәтижесінде «Білім беру жүйесіндегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» атты тағылымдамадан өтті.

            Ж.К.Тоғанова кәсіби білімін үнемі жетілдіріп, біліктілік арттыру курстарынан өтіп отырады. Германияның «Senior Experten Service» қоғамдық орталығы, «Международный опыт внедрения дуального обучения» (2013), Ресей Федерациясы, Москва қаласының білім департаменті, «Актуальные проблемы педагогики и психологии» (2014), Оңтүстік Кореяның Кёнги және Те-Тёнг провинциясының білім департаменті, «Ақпараттық тағылымдама» (2014), Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясы, «Ұлттық біліктілік жүйелерін дамыту стратегиясы» (2015),   Білім сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігі, «Институционалдық аккредиттеу шеңберінде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының өзін-өзі бағалау есебін дайындауы» (2016), Германияның «Senior Experten Service» қоғамдық орталығы, «Психология личности» (2016), «Bilim Media Group» ЖШС, «Білім берудің жаңартылған мазмұны. BilimLand ресурстарын тиімді қолдану арқылы оқытуды цифрландыру», 2018 ж, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы «ҚР-да орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде педагог кадрларды даярлайтын колледждер оқытушыларының біліктілігін арттыру», Қызылорда, 2019 ж,  «Талап» коммерциялық емес акционерлік қоғамы, Оқу-тренингтік орталығы «Педагогтердің ІТ – құзыреттіліктерін дамыту және жетілдіру» 07.08.2020ж.

          Ж.К.Тоғанова табысты еңбегі үшін Қызылорда облысы білім департаментінің Құрмет грамотасымен (2006), Қызылорда облысының білім басқармасының Алғыс хатымен (2012), Қызылорда облысы әкімі Қ.Е.Көшербаевтың Құрмет грамотасымен (2013), Қызылорда облысы бойынша «Қызылорда Невада-Семей» қоғамдық бірлестігінің Алғысымен (2014),  Қызылорда облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасымен (2015), ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен (2016), «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының Алғыс хатымен (2017), Республикалық «Спорт жұлдыздары» ғылыми-әдістемелік журналы редакциясының Алғыс хатымен (2017), Қарағанды облысының би спорты федерациясының Алғыс хатымен (2017), Қызылорда облыстық білім басқармасының Алғыс хатымен (2017),  Қызылорда облысы әкімінің Құттықтауымен (2020) марапатталды. Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойы мерекелік төсбелгісінің (2018),   ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Ы.Алтынсарин» төсбелгісінің иегері (2017).

2019 жылы Білім беру сапасын басқару тәуелсіз агенттігі (НАОКО) жасақтаған сыртқы аудит бойынша сарапшылар тобының құрамында «Тараз-Ғасыр» колледжін    институционалды аккредиттеуден өткізу жұмыстарына қатысты. 2019 жылы Алматы қаласындағы «Өзін-өзі тану»  адамның үйлесімді дамуы гуманитарлық колледжін  институционалды аккредиттеу бойынша құрылған сыртқы аудит сарапшылар тобының жетекшісі болды.

Ж.Тоғанова отбасылы. Жолдасы бар, екі бала тәрбиелеп отырған ана.

×
Stay Informed

When you subscribe to the blog, we will send you an e-mail when there are new updates on the site so you wouldn't miss them.

BIOGRAPHY
Телебаева Газиз Турысбекович