Өмірбаян
Исмаилова Айсұлу Әбжаппарқызы PhD докторы, Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының академигі, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті «Ақпараттық жүйелер» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, Астана қ.
Білім:
1988-1993 жж. Қорқыт Ата атындағы педагогикалық институты, біліктілігі: Физика, информатика, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету мұғалімі.
2006-2008 жж. Магистратура, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Информатика магистрі
2011-2014 жж Докторантура, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, 6D070300 – «Ақпараттық жүйелер»
Жұмыс тәжірибесі
1993-2002 жж. - Қызылорда қ. № 173 орта мектеп, Физика және информатика мұғалімі
2002 жылдан – С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, ассистент – деканның тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары – аға оқытушы – деканның оқу ісі жөніндегі орынбасары – кафедра меңгерушісі - қауымдастырылған профессордың м.а. - қауымдастырылған профессор (доцент), Астана қ.
Ғылыми қызығушылық саласы: Ақпараттық жүйелерді талдау, модельдеу және жобалау (салалар бойынша), деректерді интеллектуалды талдау, биоинформатика.
100-ден астам ғылыми-әдістемелік еңбектер жарияланды, оның ішінде Scopus индекстелген журналдарда жарияланған 9 мақаланың авторы (Hirsch Index=2):
https://orcid.org/0000-0002-8958-1846
http://www.scopus.com/authid/detail.url?authorId=56145830200
When you subscribe to the blog, we will send you an e-mail when there are new updates on the site so you wouldn't miss them.