Өмiрбаян
ӘУБӘКІР ЖАНДОС МАҒАЗБЕКҰЛЫ
Әубәкір Жандос Мағазбекұлы 1975 жылы 3 қазанда Семей қаласында дүниеге келген.
1992 жылы Абай ауданындағы Көкбай атындағы орта мектепті алтын медальмен бітірген.
1992-1996 жылдары «Семей» мемлекеттік университетінде білім алып, үздік диплом иегері атанған.
1996 жылдың бірінші қыркүйегінен қазақ әдебиеті кафедрасының оқытушы, желтоқсан айынан аталған университеттің аспиранты.
2000-2001 жылы Шәкәрім атындағы «Семей» мемлекеттік университетінде оқытушы.
2002-2003 жылы М.О.Әуезов атындағы Семей университеті күндізгі оқу бөлімі деканының орынбасары.
2003-2006 жылдары М.О.Әуезов атындағы Семей университетінің әлеуметтік-экономикалық жұмыстар жөніндегі проректоры.
2006-2007 жылдары - М.О.Әуезов атындағы Семей университетінің ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры.
2007-2008 жылдары - М.О.Әуезов атындағы Семей университеті филология факультетінің деканы.
2008-2009 жылдары - М.О.Әуезов атындағы Семей университеті инновациялар және ЖОО-нан кейінгі оқыту Орталығының директоры.
2009-2010 жылдары Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті Шәкәрімтану ғылыми-зерттеу Орталығының директоры.
2010-2015 жылдары Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейінің директоры.
2015-2017 жылдары «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің директоры.
2017–2018 жылдары «Қазқайтажаңарту» РМК–ның бас директоры лауазымында қызметтер атқарған.
2019 - жылы Білім және Ғылым министрлігі М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Абайтану бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері.
2019-2020 - Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейінің директоры.
2020 жылы Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті «Абай» институтының директоры;
2021 жылдың 13 қаңтарынан Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Абай академиясы» ғылыми - зерттеу институтының директоры.
Қосымша мәліметтер:
1999 жылы ҚР ҒҰА жанындағы М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында «Көкбай Жанатайұлының әдеби мұрасы» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғаған.
2008 жылғы Қазақстан Республикасы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» грантының;
2009 жылы «Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің Құрметті қызметкері» белгісінің;
2014 жылы - Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері.
2015 жылы «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелік медалімен;.
2015 жылы «Құрмет» орденімен;
2016 жылы «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен;
2018 жылы «Астана 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталған.
2020 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің «Алғысымен»;
2021 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің «Алғысымен» марапатталған.
When you subscribe to the blog, we will send you an e-mail when there are new updates on the site so you wouldn't miss them.