Өмірбаян
Мен, Быков Петр Олегович 1979 жылы Павлодар қаласында дүниеге келдім.
2001 жылы С.Торайғыров атындағы ПМУ «Құю өндірісінің машиналары мен технологиясы» мамандығы бойынша үздік бітірдім.
2002 жылы С.Торайғыров атындағы ПМУ «Машина жасау технологиялары және жабдықтар» мамандығы бойынша магистратураны біті. «Гидравликалық модельдеу әдісімен құю жүйелердегі гидравликалық кедергілерді зерттеу» тақырыбында магистрлік диссертациясын қорғадым.
2010 жылы Ж. Әбішев атындағы Химия-металлургия институтында (Қарағанды қ.) 05.16.02 «Қара, түсті және сирек металдар металлургиясы» мамандығы бойынша «Илектелген өнімнің сапасын жақсарту мақсатында үздіксіз құйылған құймалардың біртектілігін қалыптастыруды зерттеу» тақырыбында техника ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертацияны қорғадым.
2019 жылы КОКСОН қауымдастырылған профессоры (доценті) ғылыми атағы берілді.
2001 жылдан бастап «Торайғыров университеті» КЕАҚ (бұрын С. Торайғыров атындағы ПМУ) «Металлургия» кафедрасында жұмыс істеймін, онда тағылымгер-зерттеуші, ассистент, аға оқытушы, қауымдастырылған профессор (доцент) лауазымдарын атқардым, 2005 – 2010 жылдары «Металлургия» кафедрасы меңгерушісінің орынбасары болып жұмыс істеймін, 2004 – 2008 жылдары факультеттің жас ғалымдар кеңесінің төрағасы қызметің атқардым, 2019 жылдан бастап профессор лауазымында жұмыс істеймін.
2013 жылдан бастап университеттің Тіркеу кеңсесінің директоры, 2017 жылдан бастап академиялық жұмыс жөніндегі проректордың м. а., академиялық жұмыс жөніндегі Проректор, 2021 жылдан бастап «Торайғыров университеті» КЕАҚ Басқарма мүшесі - академиялық мәселелер жөніндегі проректоры болып жұмыс істеймін.
Менде 200-ден астам ғылыми және әдістемелік еңбектер бар, оның ішінде: Scopus және WoS дерекқорына кіретін халықаралық журналдарда 10 мақала, 2 монография, ҚР 26 патенті бар.
Қаржыландырылатын жобаларға басшылық ету және қатысу:
1) «Торайғыров университеті» КЕАҚ мен «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ арасындағы 2021 жылғы 08 қыркүйектегі № PD/KAS/21-261016 шарт бойынша «құйылатын шойынның және электролизден кейінгі шойынның сынамаларын зерттеу» жобасы бойынша АҒҚ (2021 жыл);
2) АРР-SSG-17/0290F кіші жобасының «Өнімді инновацияларды ынталандыру жобасы» Дүниежүзілік банк жобасының АҒҚ, «Павлодар облысының жылу энергетикасы және металлургия кәсіпорындарының қатты техногендік қалдықтарын құрылыс материалдары өндірісінде пайдаланудың инновациялық технологиялары» АҒҚТ (2017 жылғы 30 қарашадағы № 65 грант туралы келісім), «ЭкостройНИИ-ПВ» ЖШС АҒҚ (2018-2020 жылдар);
3) Торайғыров атындағы ПМУ атынан Erasmus+ No. 585849-EPP -1-2017 -1- UK- EPPKA2-CBHE-JP ASIAXIS “Enhancing University Teaching in Thermal Power Systems for Cleaner Environment with Parallel Improvements in PhD Skills Development” жобасының орындаушысы (2018-2020 жылдар);
4) Ноу-хау материалдарын қолдана отырып, Екібастұз көмірінен жоғары калориялы көмір брикеттерін алу тақырыбы бойынша қолданбалы зерттеулерге ҚР БҒМ Ғылым комитетінің гранты бойынша жобаның АҒҚ (2015 – 2017 жылдар);
5) ҚР БҒМ Ғылым комитетінің гранты бойынша қолданбалы зерттеулерге жобаның ғылыми жетекшісі: Павлодар өңірінің глинозем өндірісінің құрамында темір бар шламдарын пайдалана отырып, болат алудың теориялық және технологиялық ерекшеліктерін зерттеу және алынатын үздіксіз құйылған дайындамалардың және сұрыптық прокаттың құрылымы мен қасиеттерін болжау (2012 – 2014 жылдар).
Біліктілікті арттыру курстары:
- «Жаңа және инновациялық білім беру бағдарламаларын әзірлеу», «BTS Education» ЖШС, 72 сағат, 19 Наурыз – 05 Сәуір 2022;
- «Металлургия мен металл өңдеуде перспективалық технологиялық процестерді дамыту және жабдықтарды жетілдіру: Германия университеттерінің тәжірибесі», 14.12.2021-28.12.2021 ж., 72 сағат, Talant Ryspaev, professor of Anhalt University of Applied Science( Germany);
˗ «Capacity Building in Higher Education», Sweden, Lund University, Faculty of Engineering, 28 January - 8 February, 2019, 5 ECTS;
˗ «University's entrepreneurial ecosystem. The development and integration into the global innovation system”, Mountain View, CA, USA (July, 2016);
˗ «Higher Education and Workforce Development» , Helena, Montana, USA (June 12 - June 17, 2016);
˗ «Introductory Workshop on Educational System in Sweden» , Sweden, Lund University, Faculty of Engineering (7 - 11 December, 2015, 5 ECTS);
˗ «Mini Model United Nations - New Silk Way 2015 – 2016» (prof. R. Abazov, Columbia University, USA; US Consulate General, un), Павлодар, С. Торайғыров атындағы ПМУ, 2015 ж.,
˗ «New Metallurgic Technologies in the German Steel Industry» (SES expert Dr. Gisela Elisabeth Barthold, 2016 жыл);
- «Quality Assurance Issues in Engineering Education in Kazakhstan: Problems and Prospects» , Алматы, Әл-Фараби атындағы ҚазМУ (2015 жыл);
- «Заманауи білім беру технологиялары білім берудің жаңа сапасына көшудің негізі ретінде» , Павлодар, С. Торайғыров атындағы ПМУ (2014 ж.)
Марапаттарым, мадақтауларым:
- «Қазақстан мұнайына 120 жыл» медалі (ҚР Энергетика министрлігі, 2019 жыл) ;
- С. Торайғыров атындағы ПМУ-дың Университет алдындағы ерекше еңбегі үшін Сұлтанмахмұт Торайғыровтың мерейтойлық Алтын медалі (125 жыл) (ғылыми кеңес 2018 жылғы 31 қазан);
- «ҚР ЖОО үздік оқытушысы байқауының лауреаты» (ҚР Білім және ғылым министрлігі, 2017 ЖЫЛ);
- Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай С. Торайғыров атындағы ПМУ ректорының құрмет грамотасы (желтоқсан, 2016 жыл);
- С. Торайғыров атындағы ПМУ Сұлтанмахмұт Торайғыровтың университет алдындағы ерекше еңбегі үшін алтын медалі (Ғылыми кеңес 2015 жылғы 26 маусым);
- Алғыс ҚР Білім және ғылым министрі А. Сәрінжіповтен (2014 жылғы 29 мамырдағы);
- «С. Торайғыров атындағы ПМУ үздік оқытушысы» байқауының лауреаты (2013 жыл);
- «Павлодар облысының үздік жас ғалымдары-2013» байқауының "техникалық ғылымдар саласындағы үздік жас кандидат номинациясы бойынша лауреаты (Павлодар облысының әкімдігі, 2013 жыл) ;
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің дарынды жас ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендиясының иегері (2008-2010 жылдар).
When you subscribe to the blog, we will send you an e-mail when there are new updates on the site so you wouldn't miss them.