Өмірбаян
Ахметова Шолпан Дәулетқызы
№ 120 ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын мамандандырылған мектепті (Алматы қаласы) бітіріп, В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтына оқуға түсті. 1980 жылы машина жасау факультетін үздік бітірді. "Көтеру-тасымалдау машиналары және гидравлика" кафедрасындағы күндізгі бөлім аспирантурасын бітірді. Университет қабырғасында ассистент пен оқытушыдан "Көтеру-тасымалдау машиналары және гидравлика" кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды.
Жалпы еңбек өтілі 40 жыл, оның ішінде 38 жылы – ғылыми-педагогикалық өтілі. 50-ден астам мақала жарияланды, өнертабысқа екі инновациялық патент алынды, екі оқу құралы шығарылды.
Мәскеу қаласы МААДО (халықаралық автомобиль және жол білімі қауымдастығы) "Көтеру-тасымалдау, құрылыс, жол машиналары мен жабдықтары" ғылыми - әдістемелік кеңесінің қауымдастырылған мүшесі; "Оқулық" республикалық білім беру мазмұнын сараптау ғылыми-практикалық орталығының сарапшысы; "Қазақстан ғылым жаңалықтары" ғылыми-техникалық журналының сарапшысы болып табылады.
Назарбаев Университетінің жоғары білім беру мектебінің шақыруы бойынша Қазақстан Республикасының индустриялық - инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасын іске асыруды қолдау мақсатында қазақстандық жоғары оқу орындарының жетекші қызметкерлері үшін оқыту бағдарламасын өтті. Қазақстан үшін ғылымды, білім беруді және өндірісті интеграциялаудың тиімді шетелдік модельдерін зерделеу және енгізу, оларды жергілікті жағдайларға, міндеттерге, қаржылық және құқықтық жүйеге бейімдеу өзекті болып табылатындықтан, Ритсумейкан университетінде, Бивако Кусацу кампусында және т.б. (Жапония) бағдарлама модульдерінің бірі өтті. Жапонияда жоғары білім мен ғылыми зерттеулердегі инновациялар мен кәсіпкерлікке байланысты зерттеулер, технологиялар, инженерия бойынша дәрістер тыңдады. Соңында "Training Program on Research and Knowledge Exchange of Innovation and Entrepreneurship Education with Japans Universities", "Eurasian Higher Education Leaders Forum", "Professional Development Program for Higher Education Leaders of Kazakhstan"сертификаттарын алды.
Қоғамдық өмірге белсене қатысқаны үшін, "Айрықша еңбегі үшін" медалімен, университеттің "Құрмет грамотасы" құрмет грамоталарымен марапатталған. Олсондай-ақ Вильгельм Лейбниц (Wilhelm Leibniz) медалімен марапатталды, әлемдік қауымдастық мойындаған Еуропалық ғылыми - өнеркәсіптік консорциумының техникалық ғылыми дамуына үлес қосты.
Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының мүшесі.
When you subscribe to the blog, we will send you an e-mail when there are new updates on the site so you wouldn't miss them.