Өмірбаян

Тукешова Гулзиза Есиркеповна 1965 жылы 22 сәуірде Актобе обласында мұғалімдер отбасында дүниеге келдім. Ұлтым қазақ. Мектепті 1982 жылы бітірдім.

1988-1993 жылдары В.И. Ленин атындағы Қазақ Политехникалық Институтында оқып, тау-кен гидрогеолог инженері мамандығын алып шықтым.

1994-1998 жылдары ҚР ҰҒА Институты жанындағы сейсмо-тәжірибе әдіс темелік экспедициясында химик қызметін атқардым. 1998 жылы гидрогеология және геофизика мамандығы бойынша аспирантураға түстім.

1999-2018 жылдары ҚР БҒМ сейсмология институтының жер флюидті тәртібі зертханасында жұмыс жасадым. 2015 жылы зертхананың «Гидрогеодинамика» болып өзгертілді. Гидрогеохимиялық және гидрогеодинамикалық өзгерістерді бақылау орындары жүйесінің жұмысын жетілдіру мақсатында Алматы болжау полигонында осы жүйені кенейту арқылы жаңа бақылау пунктерімен параметрлерін ұйымдастыру жұмыстарын жүргіздім. Сонымен қатар Бишкек, Ташкент, Үрімші гидрогеохимиялық және гидрогеодинамикалық станциялары күнделікті бақылау нәтижелері тұрақты түрде ақпараттар алмасу жұмысын жолға қойдым. Бақылау жүйесі жұмысын осындай тәртіппен ұйымдастыру Оңтүстік Шығыс-Қазақстандағы жерсілкінуді болжауда гидрогеологиялық нақтылықпен жеделдіктің денгейін арттырды.

2001 жылы 1 санатты инженер болып қабылдандым, 2004 жылы аттестация комиссиясының ұсынысына сәйкес кіші ғылыми қызметкер, 2006 жылы ғылыми қызметкер,  2012 жылы аға ғылыми қызметкерлікке өттім.

2013 жылы «Гидрогеология» мамандығы бойынша: «Сыртқы себепшарт әсері динамикалық тәртіпте және газохимиялық су құрамында (Алматы сейсмобелсенді ауданы мысалдары негізінде)» деген тақырыпта кандидаттық диссертацияны ойдығыдай қоргап, геолгия минералогия ғылымдарының кандидаты атағыны ие болдым. PhD философия докторымын.

 2015 жылы аттестациялық комиссияның шешімімен жетекші ғылыми қызметкерлікке өттім.

2017 жылыгидрогеодинамика зерханасы меңгерушісі лауазымына тағайындалдым.

Жерсілкінуді болжау мақсатында гидрогеохимиялық және гидрогеодинамикалық бақылау ережелерін жүргізетін Тәжірибе-әдістемелік сейсмологиялық экспедицияның және Қазақстандағы табиғи ресурстар Комитетінің кураторы, ғылыми-әдістемелік басшысы болдым. Қазырғы кезде осындай станциялар саны 20 дан асты, болашақта әлдеқайда көбеюі тиіс.

Сейсмология институты Ғылыми Кенесінің түрақты мүшесі, аспирантардың ғылыми жетекшісі болдым, жерсілкінуді болжау бойынша мекеме комиссияның, ҚРБГМ сейсмология институтының қоғамдық жұмыстарына белсенді түрде қатыстым. Қазақстан Республикасымен Қытай Халық Республикасының арасындағы сейсмология, жерсілкінуді болжау саласындағы ғылыми техникалық қарым-қатынаста және келісім-шарттарды жүзеге асыру ісіне белсене араластым.

2013 жылы Қазақстан Ғылым күнінде ҚР БҒМ-ң Ғылыми Комитетінің Құрмет грамотасымен марапатталдым.

2014 жылы Ұлттық ғылыми технологиялық холдинг АҚ «Парасат» алғыс хатпен марапаттады.

2017 жылы ТОО «Сейсмология институты» «НЦСН и И» АҚ атынан
Гидрогеодинамика зертханасының меңгерушісіне берілді ғылыми үлестері мен жұмыстағы жетістіктері үшін, мақтау қағазы.

2018 жылдан қазіргі кезге дейін ТОО «Алстронтелеком» консультан болып жұмыс жасаймын, мұнай және газ қызмет саласында.

Көп жылдық ғылыми зерттеулерінің маңызды нәтижелері келесі негізгі аспектілерде:

Тянь-Шань сейсмикалық белсенді белдену аймақтарында күшті жер сілкіністерін дайындауға және іске асыруға байланысты жер асты суларының динамикалық параметрлері және арнайы болжау полигондарында Қазақстан, Қырғызстан және ҚХР СУАР-дағы көп жылдық тәжірибелік далалық бақылау өткізілді газдық және химиялық құрамына.

Барлық негізгі сейсмикалық белсенді аймақтардағы гидрохимиялық сейсмикалық болжау зерттеулеріне ғылыми талдау және жалпылау жүргізілді.

Автор бірінші рет негізделген және жетілдірілген есептеу әдісі жер асты суларының деңгейі берілген (Нпр). Ғылыми-техникалық есептемелер, баяндамалар мен жарияланымдарды дайындауға және жазуға белсенді қатысты. Жұмыс барысында автор байқалған өрістерден аномалды компоненттерді оқшаулап гидрогеодинамикалық көрсеткіштердің мәліметтерін өңдеудің бірқатар жаңа әдістерін ұсынды.

Автордың жер сілкінісін болжау, сейсмикалық қауіпті бағалау және заманауи геодинамика бойынша халықаралық симпозиумда ұсынылған 120-дан астам ғылыми жұмыстары мен бір патенті бар.

Халықаралық ғылыми конференцияларға, Қытай-Қазақстан симпозиумдарының, Бішкек, Өзбекстан және Тәжікстандағы Қазақстан-Ресей симпозиумдарының баяндамаларының авторы ретінде белсенді қатысты. Баяндамалар имфакторлары бар тиісті журналдарда жарияланды.

Оның жетекшілігімен 3 адам диссертацияларын қорғады.

Тукешова Г.Е. тақырып бойынша жобаға белсенді қатысты: «Қазақстан Республикасында табиғи зардаптардың, авариялар мен апаттардың салдарын болдырмауға және жоюға бағытталған шараларды жүзеге асыру» және бір проекте: «Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы сейсмикалық қауіпті аймақтарды кешенді зерттеу және жер сілкінісі туралы алдын-ала ескерту жүйесінің негізін жасау».

Тақырып бойынша жоба жетекшісі болды «Жаңа әдіснамалық негізде Алматы аумағының сейсмикалық микрорайонирования картасын жасау».

×
Stay Informed

When you subscribe to the blog, we will send you an e-mail when there are new updates on the site so you wouldn't miss them.

Autobiography
Өмірбаян