Өмірбаян
Әбдіқалықов Қуантай Әмірғалиұлы 1956 жылы 20 наурызда Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Егіндібұлақ елді-мекенінде туған. Әкесі- Әмірғали мұғалім, анасы Қалампыр үй шаруасында болған. 1979 жылы Алматы Халық шаруашылық институтының «Экономикалық ақпаратты механикалық өңдеумен ұйымдастыру» және «Автоматтандырылған жүйемен басқару» мамандығын бітірді.
Еңбек жолын Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының математикалық анализ кафедрасынан бастады.
1984 жылы Киев қаласына Украина Ұлттық академиясы В.М.Глушков атындағы Кибернетика институтына ғылыми стажеровкаға жолдама алды. 1986 жылы В.М.Глушков атындағы Кибернетика институтына аспирантураға түсті. 1989 жылы кандидаттық диссертацияны қорғады.
Қ.Ә.Әбдіқалықов 1990-1992 жылдар арасында Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтында доцент, физика-математика факультетінің декан қызметін атқарды. 1992-1997 жылдарында ғылыми және тәрбие жөніндегі проректорлар қызметін атқарды.
1998-2000 жыл аралығында В.М.Глушков атындағы Кибернетика институтында докторантурада оқыды.
Қ.Ә.Әбдіқалықов 2000 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік унисверситетінің физика-математика факультетінің «Математикалық модельдеу және қолданбалы математика» кафедрасында доцент және деканның орынбасары қызметін жалғастырды.
2005 жылы Сырттай оқу факультетінің деканына тағайындалды.
2006 жылы «Жылдам ортогональды түрлендірулер негізінде ақпараттық қауіпсіздік және ақпараттарды өңдеу есептерінің шешімдерінің компьютерлік технологиясы» атты еңбегі бойынша докторлық диссертация қорғап, техника ғылымдарының докторы дәрежесі берілді.
2006 жылы Физика-математика факультетінің деканы болды.
2008 жылы Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі.
2009 жылдан бастап ғылыми жүмыстары және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор.
Қ.Ә.Әбдіқалықов 170-н аса ғылыми мақала жариялады, 3 монография, 5 оқу құралдарын және 1ақпараттың қауіпсіздігін қорғаудан сөздік кітабын әзірледі. Оның ішінде:
- Элементы современной криптологии и методы защиты банковской информации. Алматы, 1999.
- Словарь по защите и безопасности информации. Алматы, 2000.
- Традиционные симметричные криптосистемы Актобе , 2003.
- Криптографияның негіздері. Ақтобе, 2008.
ҚР «Ақпаратты қорғау» кеңесінің мүшесі. ҚазҰТ университетіндегі ОД 141303 докторлық кеңесінің мүшесі болды. Қ.Ә.Әбдіқалықовтың ғылыми жетекшілігімен 2 кандидаттық диссертация қорғалды.
Қ.Ә.Әбдіқалықов ұйымдастырушылық, ғылыми-педагогикалық және қоғамдық қызметіне лайықты баға алды. Ол білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі» белгісімен және Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің құрмет грамоталарымен марапатталды.
«2013 жылдың жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағының иегері болып табылады
When you subscribe to the blog, we will send you an e-mail when there are new updates on the site so you wouldn't miss them.