Өмірбаян

1965 жылы 21 ақпанда Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

1987 жылы Өскемен құрылыс-жол институтын сәулетші мамандығы бойынша бітірді. «Алмаатагипрогор» мемлекеттік мекемесі директорының жеке шақыруы бойынша 3-санатты сәулетші ретінде шеберлік-жоспар шеберханасында еңбек жолын бастады. 1988 жылы «Алмаатагенплан» ГПИ ұйымдастырылып, онда авторлар ұжымының құрамында 1989 жылы бекітілген Алматының бас жоспарын жасауға қатысты.

1989 жылы бас жоспар бекітілгеннен кейін жетекші сәулетші ретінде дербес түрде қаланың жекелеген бөліктерінің нақты жоспарлау жобаларын (әуежай ауданының жобасы, «Шаңырақ» ш/а жеке құрылыс салу аймақтарының жоспарлау жобалары) және т.б. жоспарлау жұмыстарын өздігінен жүргізді.

1999-2007 жж. «Қала құрылысы жобаларының орталығы» ЖШС-де жетекші сәулетші ретінде жұмыс жасап – ГАЖ-бағдарламасында (Қазақстандағы алғашқы қала құрылысы кадастрының деректер базасы) Алматы қаласының қала құрылысы кадастрының деректерін құруға қатысты. MapInfo ГАЖ-бағдарламасына барлық атрибутивтік деректерді енгізу арқылы барлық жоспарлық шектеулерді, жер бөліп беруді, таңдау актілерін цифрландыру жүргізілді. База Алматы қаласының жергілікті координаттар жүйесіне байланыстыру арқылы құрылды. Сонымен қатар авторлық ұжым құрамында 2006 жылы «Алматы қаласы аумағының функционалды аймақтарын дамытудың жоспар-регламенті» және басқа жұмыстар атқарылды.

2007-2008 жылдары «Метрополис» ЖШС компанияның бас сәулетшісі болып жұмыс істеп, онда нобайлар мен жобалау жұмыстарын жүргізді.

2008-2009 жж. «G-4 Жобалау институты» ЖШС Қапшағай тас жолының бойында 4 серіктес қалаларды жобалау бойынша бас маман болып жұмыс істеді.

2009 жылы «Алматы қала құрылысы кадастры» МҚК қала құрылысы кадастры бөлімінің бастығы ретінде шақырылды. Тікелей жетекші лауазымдарда ол мекенжай жоспарының, қала құрылысы кадастрының электронды мәліметтер базасын әзірлеуге және құруға, Алматы қаласының бас жоспарын түзету авторларының ұжымына қатысты. 2013 жылдан 2018 жылға дейін директордың орынбасары лауазымын атқарды.

2017 жылы «Алматы бас жоспары» ғылыми-зерттеу институты» ЖШС құрылуымен, өзінің жұмысында жедел міндеттерден басқа, әріптестерімен, сәулетшілермен, инженерлермен, атқарушы билік өкілдерімен және қоғамдық ұйымдармен сұхбаттасуға үлкен назар аударады. Әсіресе, қазіргі таңда біздің институт ГАЖ жүйелерінде қала құрылысының негіздерін жасауда, сүйемелдеуде көшбасшы болып табылады.

2018 жылы Қырғызстан мемлекеттік құрылыс, көлік және сәулет университетінің «Сәулет теориясы мен тарихы, сәулеттік мұраны қалпына келтіру және қайта құру» мамандығы бойынша аспирантураға түсті.

Халықаралық конференцияларға, форумдарға қатысу

Ÿ «Алматы қаласының мысалында Мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізудегі тәжірибе» баяндамасы, «Қалалық агломерацияны қалыптастырудың ғылыми-практикалық аспектілері» атты ғылыми-практикалық конференция. (2011 жылғы 18 қараша, Мәскеу)

Ÿ 2018 жылғы 25-27 қыркүйектегі Алматы, Астана, URBAN TALKS форумындағы «Мегаполистің ескі орамдарын қайта ойластыру. Сәулеттік саясат стратегиясы» баяндамасы

Ÿ 2018 жылы Лондон, Манчестер, Ливерпуль қалаларында «Біз Алматы» бағдарламасы бойынша саяхат – қалалық көлік жүйелерін ұйымдастырудағы, өндірістік аумақтарды жаңартудағы және т.б. халықаралық тәжірибемен танысу.

Мақалалар

  1. «Жаяу жүргіншілер кеңістігін құрудың жағымды және проблемалық көріністері»., Н.А.Текенова, Л.Ш.Рахимжанова, «ҚазҚСҒЗИ» АҚ Хабаршысы»., № 7 (95) 2019 жыл
  2. «Алматы қаласында орталық ашық алаңдар жүйесін дамытудың мәселелері: әлеуметтану және табиғи зерттеулердің нәтижелері»., Қ.Т.Ибрагимова, З.Б.Қарақбаева, Н.А.Текенова., «ҚазҚСҒЗИ» АҚ Хабаршысы»., № 4 (74) 2019 жыл
  3. «Алматы қаласындағы Абай даңғылын қайта құрудың негізгі тұжырымдамалары»., М.Н.Құрманғалиев, Л.Ш.Рахымжанова, Н.А.Текенова, «Новая эра.kz» журналы., 2019 жыл

 

×
Stay Informed

When you subscribe to the blog, we will send you an e-mail when there are new updates on the site so you wouldn't miss them.

Summary
Өмірбаян