Өмірбаян

 Куспанова  Сауле  Ұмбетқалиқызы

 Куспанова  Сауле  Ұмбетқалиқызы, 1965  жылы  12 мамырда  Орал  облысы  Теректі ауданында дүниеге келдім. 1982 жылы  Орал  облысы  Жаңақала  ауданында  Жаңақала орта мектебін бітіріп, «СССР- дың  50-жылдығы атындағы  Қостанай  педагогикалық институтына жоғары оқу орнына түстім. 1986 жылы  «Жалпытехникалық  пәндер  және  еңбек»  факультетін тамамдап, жалпытехникалық пәндер мұғалімі квалификациясын алдым. 1986 жылы Атырау облысы Қызылқоға ауданың Комсомол совхозы  Жаңашаруа орта мектебінде «Техникалық еңбек», «Сызу» пәндерінен дәріс беріп еңбек жолымды бастадым. 1994-1998 жылдары  Ақмола облысы, Көкшетау ауданының Еленовка орта мектебінде,  1998-2004 жылдары  Атырау  облысы  Құлсары  қаласында   №18  мектепте ұстаздық еңбегімді жалғастырдым.

2004 жылдан  бастап  Ақтөбе  көлік,  коммуникация  және  жаңа  технология колледжінде  инженерлік графика, компьютерлік геометрия және графика, сызу  пәндерінен дәріс беріп келемін. 2006 оқу жылынан бастап «Жалпытехникалық пәндер » әдістемелік   бірлестік  төрайымы, 33 жыл үздіксіз педагогикалық еңбек өтілім бар.

2013-2015 жылдары Батыс Қазақстан инженерлік гуманитарлық  унииверситетінде   магистратурада  оқып,  ақпараттық жүйелер,  техника ғылымдарын магистрі академиялық дәрежесін алдым. Колледждегі жұмыс тәжірибесіндегі жетістіктерім: жоғары санатты оқытушы квалификациясы, диплом, марапатаулар, өз білімін көтеру сертификаттары, авторлық бағдарламалар, әдістемелік  нұсқаулар, халықаралық, республикалық, облыстық  конференция, семинарлар. Мемлекеттік оқу, жұмыс  бағдарламаларын  әр мамандық бойынша дайындауға белсене қатысып, 28 оқу әдістемелік жұмыстар дайындалды. Техникалық және кәсіптік білімнің мазмұнын дамытуға қосқан зор үлесі үшін техникалық және кәсіптік білім беру бойынша Республикалық оқу-әдістемелік кеңесі алғысы берілді. Облыстық орта кәсіби білім беретін колледждер арасынан «Инновация және тәжірибе» атты жаңа технологияны қолдану тәжірибе  жинақ -  «Үздік инновациялық оқу-әдістемелік құрал» атты номинациясы бойынша I дәрежелі дипломымен марапатталып, «Техникалық және кәсіптік оқу орнының үздік оқытушысы» облыстық педагогикалық жетістіктер байқауы, республикалық «Үздік педагог 2013,2014,2015,2016,2017» байқауларына қатысып облыс әкімінің және Ақтөбе облыстық білім басқармасы, Білім және Ғылым министрінің «Құрмет грамотасы», «Білім беру Үздігі» төсбелгісімен   марапатталдым.

×
Stay Informed

When you subscribe to the blog, we will send you an e-mail when there are new updates on the site so you wouldn't miss them.

Autobiography
Кусаинов Дауренбек Умирбекович