Өмірбаян

 Ахметов Абдулла 1950 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Кентау қаласында туылғанмын. 1972 жылы Қазақ химия технологиялық институтын (М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті) инженер-құрылысшы-технолог, 1982 жылы – Алматы жоғарғы партия мектебін саясаткер мамандығы бойынша, 2008 жылы – Алматы қаласы Қазақ спорт және туризм академиясын денешынықтыру ұстазы және туризм бапкері мамандығы бойынша бітіргенмін.

Еңбек жолымды 1972 жылы Қазақ химия технологиялық институтын бітірген сон, Кентау қаласындағы «Мырғалымсайсвинецстрой» тресінің құрылыс материалдар комбинатында мастер қызметінен бастағанмын.

1973-1980 жылдары трест «Мырғалымсайсвинецстрой» комсомол комитетінің секретары, Кентау қалалық комсомол комитетінің екінші хатшысы, Оңтүстік Қазақстан облыстық комсомол комитетінің хатшысы, Мәскеу қаласының БЛКЖО Орталық комитетінің Украина және Молдавия Республикалары бойынша жауапты ұйымдастырушысы, Шымкент облыстық облыстық комсомол комитетінің бірінші хатшысы болдым.

1980-1992 жылдары Түркістан қалалық атқару комитеті төрағасының бірінші орынбасары, Шымкент облыстық денешынықтыру және спорт комитетінің төрағасы болдым.

1992-1996 жылдары – ЖШС «Зият» Фирмасы, ЖШС «Алемимпекс» фирмасының директоры,  «Оңтүстік» акционерлік – өндірістік жеткізу және өткізу компаниясының коммерциялық фирмасының директорының орынбасары болдым.

1996-2014 жылдары Оңтүстiк Қазақстан облыстық әкімшілігі еңбек басқармасының бастығы, Оңтүстiк Қазақстан облысы әкімшілігі аппаратының басшысы, Оңтүстiк Қазақстан облысы еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау департаментінің бастығы, Оңтүстiк Қазақстан облысы Шардара ауданының әкімі, Оңтүстiк Қазақстан облыстық денешынықтыру және спорт басқармасы бастығы, бастығының орынбасары, Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша бақылау және әлеуметтiк қорғау департаментiнiң директоры болдым.

2014 жылдан қазіргі уақытқа дейін  «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Еңбек қорғау жөніндегі ғылыми-зерттеу институты» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының директоры қызметін атқарып келемін.

Қызмет атқарған жылдар ішінде халық депутаттары облыстық Кеңесінің депутаты болып 2 рет сайландым.

2009 жылдан бастап «Нұр Отан» партиясы Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы Партиялық бақылау комиссиясының мүшесімін.

2013 жылы Астана қаласында өткен «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс XV съездінің делегаты болдым.

2018 жылдан облыстық Қоғамдық кеңестің мүшесімін.

1973-1980 жылдары Кентау қаласының, Шымкент облысының комсомол комитеттерін басқарған жылдары: Шардара массивін игеруде, Фосфор, шина, эксковатор (Кентау қ.) зауыттарының құрылыстарында екпінді комсомол жастар бригадалар құруда, ауыл шаруашылықта комсомол жастар бригадасымен қой, мақта, күріш шаруашылықтарын өркендетуде, Шымкент қаласының маңынан демалыс аймағын (балалар темір жолы, дендропарктер, зоопарк, ипподром) салуда жастарды ұйымдастырып қыруар тірліктер істедім.

1980 жылы осы еңбектерім үшін СССР Жоғарғы Кеңесінің Президиумының жарлығымен «Құрмет Белгісі» орденімен марапатталдым.

1980-1986 жылдары Түркістан қалалық атқару комитетінің төрағасының бірінші орынбасары қызметінде қаланың өнеркәсібін, құрылысын, коммуналдық шаруашылығын өркендетуге қосқан үлесім болды. Осы еңбегім үшін СССР Жоғарғы Кеңесінің Президиумының жарлығымен 1986 жылы екінші рет «Құрмет Белгісі» орденімен марапатталдым.

2010 жылы Қазақстан Республикасының Президентінің жарлығымен әлеуметтік еңбек саласындағы еңбектерім үшін «Ерен еңбегі үшін» медальмен марапатталдым.

2012 жылы «Қазақстан Республикасының әлеуметтік еңбек саласының үздігі» және «Оңтүстік Қазаұстан облысына сіңірген еңбегі үшін» медальдармен наградталдым.

2017 жылы Қазақстан Республикасының президентінің Жарлығымен мемлекеттік және қоғамдық қызметте сіңірген еңбегім, елдің әлеуметтік – экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесім үшін «Құрмет» орденімен наградталдым.

Түркістан қаласы, Кентау қаласы мен Шардара аудандарының құрметті азаматымын.

Отбасылымын, жұбайым Ахметова Айжан 1951 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында туылған. Екі ұлым, бір қызым бар, олардан жеті немере көріп отырмын.

×
Stay Informed

When you subscribe to the blog, we will send you an e-mail when there are new updates on the site so you wouldn't miss them.

Марала Томпиева наградили почетным знаком «За особ...
Следы империй культуры Центральной Азии от Алексан...