Өмірбаян

Нұрғабылов Өмірзақ Шарапұлы 1964 жылы 28 қарашада Қызылорда облысында туған. Жоғары білімді, техника ғылымдарының кандидаты. 2009 жылы Қазақ ұлттық техникалық университетінің диссертациялық кеңесінде  «Ішкі карьерлік автомобиль жолдарында шаң шығаруды азайтудың тиімділігін арттыру» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады.

Нұрғабылов Өмірзақ Шарапұлының еңбек жолы 1981 жылы құрылыс бригадасында басталды. Алматы сәулет-құрылыс институтын «Жылумен қамтамасыз ету және желдету» мамандығы бойынша аяқтаған, еңбек жолын университетте инженер ретінде жалғастырды. Ол қарапайым инженерден университеттің әкімшілік-ұйымдастырушылық істері жөніндегі проректорға дейін көтерілді. Қазіргі уақытта  «Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті» Акционерлік қоғамының әкімшілік-ұйымдастырушылық істері жөніндегі проректорылауазымын атқарып жүр.

Жауапкершілік, жұмысқа ерекше қабілеттілік және жоғары ұйымдастырушылық қасиеттері оған кең ауқымды қоғамдық жұмысты педагогикалық қызметпен ұштастыра білуге септігін тигізеді, демек Нұрғабылов Өмірзақ Шарапұлы өз еңбек жолының барлық кезеңінде әкімшілік жұмысты педагогикалық қызметпен белсенді түрде қоса атқарып келеді. Ол сонымен қатар (0,5 жүктемемен) Педагогика және психология кафедрасының  доценті болып та қызмет атқарады. Республикалық, халықаралық семинарлар мен конференцияларға жиі және белсенді  қатысады. Ол «Тіршілік әрекетінің қауіпсіздік негіздері» пәні бойынша дәрістер мен практикалық курстар жүргізеді,   курстық және дипломдық жұмыстар жазуға жетекшілік етеді. Оның оқыған дәрістері терең ғылыми-теориялық мазмұнымен, практикалық бағытымен, педагогикалық шеберлігімен ерекшеленеді. Өмірзақ Шарапұлы білім берудің кредиттік технологиясы талаптарына сәйкес оқытудың интербелсенді әдістері табысты түрде қолданылатын оқу үдерісінің әдістемелік сүйемелденуіне баса назар аударады.

Халықаралық Экология және Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі ғылымдарыакадемиясының «Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі» секциясы бойынша Академияның толық мүшесі (академигі) болып табылады.

Нұрғабылов Ө.Ш. ғылыми-әдістемелік салада 40-тан астам ғылыми мақалалар мен оқу құралдарының және  5  патенттің  авторы болып табылады.  2000 жылдан   күні бүгінге дейін жергілікті сайлау комиссиясы бойынша Комиссия төрағасы және «Нұр Отан» партиясының мүшесі.

Өмірзақ Шарапұлы өз ісіне адал, жауапкершілігі жоғары,  тәртіп сүйгіш, толерантты (кең), өз әріптестері мен студенттер арасында құрмет пен беделге ие.  Университеттің қоғамдық өміріне белсене араласады. Оның өзі мен айналасындағыларға талап қойғыштығы мен белсенді өмірлік көзқарасын ерекше атап өтуге болады.  Ол оқу, тәрбие және ғылыми міндеттерді шешуде өзінің ерекше көрегенділігін танытып келеді.

Нұрғабылов Өмірзақ Шарапұлы Қазақстан Республикасы білім беру саласындағы айрықша қызметі үшін Алғыс хатпен марапатталды, Камчатка өлкесінде ұлтаралық бейбітшілік пен конфессияаралық келісімді нығайтуға бағытталған шараларды өткізуге көмектескені үшін «Ғылымдағы ерен еңбегі үшін»   орденімен, басқару үдерісіне қосқан елеулі еңбегі үшін, еңбектегі айрықша табыстары, өз ісіне берілгендігі   және кәсібилігі үшін «Жыл маманы-2014» ұлттық сертификаты берілді,  «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері» төс белгісімен,  «Абылай ханатындағы Қаз ХҚ және ӘТУ-нің 70 жылдығы» құрмет белгісімен марапатталды.

×
Stay Informed

When you subscribe to the blog, we will send you an e-mail when there are new updates on the site so you wouldn't miss them.

Цикл лекциий по геронтологии – «Молодость навсегда...
Autobiography