Өмірбаян

Акимжанов Ерик Серикович

Білімі:

– 2001 жылы Қостанай ауыл шаруашылығы колледжін «Ауыл шаруашылығындағы экономика, бухгалтерлік есеп және бақылау» мамандығы бойынша бітірді, «экономист-бухгалтер» біліктілігі берілді (үздік дипломмен);

– 2005 жылы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Қостанай заң институтын «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірді, «құқықтану бакалавры» біліктілігі берілді;

– 2007 жылы М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетін «Қаржы» мамандығы бойынша бітірді, «қаржы бакалавры» біліктілігі берілді;

– 2008 жылы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Академиясының ғылыми-педагогикалық магистратурасын «Құқық қорғау қызметі» бағыты бойынша тәмамдап, «магистр» академиялық дәрежесі берілді (үздік дипломмен);

– 2023 жылы Ресей Федерациясы ІІМ Басқару академиясының (Мәскеу қ.) ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау жөніндегі III факультетін 40.07.01 «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірді, «зерттеуші, зерттеуші-оқытушы» біліктілігі берілді.

 

Ғылыми дәрежесі: 5.1.2 – «Жария-құқықтық (мемлекеттік-құқықтық) ғылымдар» мамандығы бойынша заң ғылымдарының кандидаты (Ресей Федерациясының Ғылым және жоғары білім министрлігімен 2023 жылы берілген).

Диссертациялық зерттеу тақырыбы: «Қазақстан Республикасында тұрмыстық зорлық-зомбылықтан әкімшілік-құқықтық қорғау».

Импакт-факторы бар рейтингтік ғылыми басылымдарды, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті, Ресей Федерациясының Ғылым және жоғары білім министрлігі ұсынған тізімдерге, сондай-ақ Scopus дерекқорына енгізілген басылымдарды қоса алғанда, 100-ден астам ғылыми еңбектің авторы. Сондай-ақ монографиялардың, оқу құралдарының және әдістемелік ұсынымдардың авторы.

Байқауларға қатысуы:

– Қостанай полиция академиясының «Үздік оқу-әдістемелік материал – 2024» байқауының жеңімпазы;

– Қостанай полиция академиясының «Үздік оқу-әдістемелік материал – 2025» байқауының жеңімпазы;

– Қазақстан Республикасы Қостанай полиция академиясының «Жыл ғалымы» байқауында II орын (2025 ж.).

Ғылыми жетекшілігімен:

– 2024 жылдың сәуір айында ІІМ Қостанай академиясы магистранттарынан құралған команда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де өткен «КримЭкc–2024» X Халықаралық кәсіби шеберлік байқауында II орын алды;

– 2024 жылғы 28 қарашада ІІМ Қостанай академиясы магистранттарынан құралған команда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де өткен «КримЭкc–2024» XI Халықаралық кәсіби шеберлік байқауында I орынға ие болды.

Мәскеу ғылыми заң журналының редакциялық алқасының, сондай-ақ құқықтану ғылымдары бойынша негізгі ғылыми нәтижелерді жариялауға ұсынылған басылымдар тізіміне енгізілген «Ғылым» халықаралық ғылыми журналының редакциялық кеңесінің мүшесі.

Магистрлік диссертациялық жұмыстарға ғылыми жетекшілік етеді; Қостанай полиция академиясы жанындағы диссертациялық кеңестің уақытша мүшесі ретінде жұмысқа қатысып, PhD докторы ғылыми дәрежесіне үміткер 7 ізденушінің диссертация қорғауына қатысқан.

Жалпы еңбек өтілі — 25 жыл, оның ішінде педагогикалық өтілі — 14 жыл. Құқық қорғау органдарының практикалық бөлімшелерінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жоғары білім беру ұйымдарында әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарған және қызметін жалғастыруда. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шрақбек Қабылбаев атындағы Қостанай полиция академиясының кәсіби даярлық факультетінің бастығы қызметін атқарады.

Біліктілікті арттыру курстарынан өткендігі туралы сертификаттары бар:

– «Кәсіби бағдарланған оқытудың заманауи білім беру әдістері», «ZIAT» ғылыми-әдістемелік орталығы (Астана қ., 72 сағат, 2023 ж.);

– Қазақ тілін білу деңгейін анықтау емтиханы (B1 деңгейі), ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі, «Ұлттық тестілеу орталығы» РМК, QAZTEST жүйесін дамыту басқармасы (2023 ж.);

– «Қазақстанда кадрлық құжат айналымын жүргізу» (Астана қ., 4 сағат, 2024 ж.);

– «Жоғары оқу орнының оқу үдерісіндегі инновациялық білім беру технологиялары», «БІЛІМ» қайта даярлау және біліктілікті арттыру институты (Қарағанды қ., 72 сағат, 2024 ж.);

– «Динамикалық қауіпсіздік бойынша БҰҰ Тренерлерге арналған тренингі» (Қостанай қ., 36 сағат, 2024 ж.);

– «Қазақстандағы сервистік полиция моделінің жалпы тұжырымдамасы аясында полиция мен қоғамның өзара іс-қимылы: негізгі қағидаттар, енгізу тәжірибесі және практикалық ұсынымдар», Адам құқықтары жөніндегі хартия (36 сағат, 2024 ж.);

– «Киберкеңістіктегі қылмыстарды тергеу техникасы», Ресей ІІМ Воронеж заң институты (Воронеж қ., 38 сағат, 2024 ж.);

– «Педагогтерге арналған жасанды интеллектке кіріспе», «Bilim Land» ЖШС (4 сағат, 2025 ж.);

– нейрожелілер бойынша мини-курстар (6 сағат, 2025 ж.);

– «Білім берудегі менеджмент негіздері», ҚР ІІМ М. Есболатов атындағы Алматы академиясы (Алматы қ., 38 сағат, 2025 ж.);

– «Қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы кәсіби профайлинг», Практикалық психология және психотерапия институты (Алматы қ., 72 сағат, 2025 ж.);

– «Scopus Foundations: literature search, journal selection and metrics», Researcher Academy On Campus (2025 ж. наурыз);

– «Тиімді коммуникация әдістеріне оқыту», ҚР ІІМ (36 сағат, 2025 ж.);

– «Білім беру үдерісі және ЖИ: генеративті модельдер және промт-инжиниринг өнері», «Өрлеу» ұлттық біліктілікті арттыру орталығы АҚ (2025 ж.);

– «Машина жасау саласындағы стандарттау мен сертификаттауда жасанды интеллектті қолдану», З. Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университеті (Қостанай қ., 2025 ж.);

– «Полицияның стратегиялық талдауы мен менеджментіне кіріспе», РФ ІІМ Басқару академиясы (Мәскеу қ., 2025 ж.);

– «Мемлекеттік қызметшінің жұмысында жасанды интеллектті тиімді қолдануға арналған AI Qyzmet базалық курсы», Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы (Астана қ., 2025 ж.).

×
Stay Informed

When you subscribe to the blog, we will send you an e-mail when there are new updates on the site so you wouldn't miss them.

Autobiography
Ақылбекова Шолпан Қалықұлқызы