Өмірбаян
Нұрлыбаев Руслан Ерғалиұлы – 1987 жылы туған, PhD, өнертапқыш, Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ профессор-зерттеушісі және «SAVENERGY» ЖШС бас директор қыметтерін атқарады. 2016 жылы Әлем банкі жариялаған конкурсты жеңіп, Алматы индустриялық аймағында өндіріс ұйымдастырып, патенттелінген технологиясымен өнім алған жас ғалым. Осы алынған өнімі «Қазақстанның Үздік тауары» номинациясы бойынша үздік деп танылған. Ғылымдағы нәтижелі жобалары мемлекеттің гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру конкурстарын ұтып, отандық ғылымның дамуына үлес қосып жүр. 2023-2025 жылдарға арналған бағдарламалы-нысаналы қаржыландыру аясындағы ИРН 21882292 жобасының өндірістік жетекшісі. Жоба бойынша екі бірдей өндірісті ұйымдастыру жұмыстарын жүргізуде. Бүгінгі күні 90-нан астам мақаланың, 6 патент, 6 монография, 3 енгізу актілерінің авторы және жоғары рейтингтік Q1-Q3 журналдарда (Scopus/WoS) жарияланған 11 мақаланың авторы. Сонымен қатар, магистрант, докторанттардың ғылыми кеңесшісі, оның жетекшілік еткен докторанты 2024 жылы наурызда докторлық диссертация қорғады. Жас ғалымның Scopus базасында индекс хирші – 3.
2023 жылы Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтан Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.
Қоғамдық өмірде «Аmanat» партиясының мүшесі, Алматы қаласы мәслихатының VII-шақырылым депутаты, Қазақстан Республикасы Парламент мәжілісінің VIII-шақырылым депутаттығына кандидат.
When you subscribe to the blog, we will send you an e-mail when there are new updates on the site so you wouldn't miss them.