Өмірбаян

Төлендиев Дәулетхан Молдаханұлы

Төлендиев Дәулетхан Молдаханұлы 1989 жылы Жамбыл облысы,  Жаңатас қаласында дүниеге келді. Тараз қаласы, Ы. Алтынсарин атындағы орта мектепті бітіруімен, 2006-шы жылы Сулейман Демирел атындағы Университетке «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша оқуға түсті.

2008 жылдан 2011 жылға дейін «Intellic Technologies» компаниясында жұмыс істеп, онда телекоммуникация саласында тәжірибе алды.

2012 - 2014 жылдары «Болашақ» стипендиясы бойынша Джордж Вашингтон Университетінде, Вашингтон, АҚШ, "Инженерлік Менеджмент" магистрі дәрежесіне иеленді. Оқуды бітіргеннен кейін ол «НАТ Қазақстан» компаниясына жұмысқа қабылданып, онда кадрлар бөлімінің жұмысын автоматтандыру жобасына қатысты.

2014-2015 жылы «Bee Software» компаниясында «Қазақстанның ашық деректері» порталын әзірлеп, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының «Төрелік» документер айналымы жобасына қатысуға мүмкіндік алды.

2016 жылдан 2017 жылға дейін «Қазақстан Ұлттық Банкінін Қызмет көрсету бюро»-сында жұмыс істеп, онда "Бірыңғай Индикаторларды Жинау Жүйесін" дамыту жобасына қатысты.

2017 жылы ол фриланстпен, нақтырақ Германиянын «Livereach» компаниясымен жұмыс істеп бастады.

2018 жылы «Dar Ecosystem» компанияда жұмыс істеу барысында FinTech бағдарламаларын жасауға қатысқан .

2019 жылы ол Almaty A.I. Lab компаниясында жұмыс істеп онда "Инсультті ерте диагностикалау үшін Cerebra - жасанды интеллектпен бағдарламалық жасақтаманы әзірлеуге" қатысты.

2019 жылдан бастап «Livereach» компаниясының қызметкері, Мюнстер каласы, Германия.

Бүгінде ол Германия, Кипр және Америка сияқты елдермен жұмыс істейтын «SimusTech» аутсорсингтік компаниясының иесі. Компания мүмкігдігі шектеулі адамдарға бағдарламалауды үйрету жане уйден жұмыс жасауды үйретуде. Үйленген, 2 балалы.

 

×
Stay Informed

When you subscribe to the blog, we will send you an e-mail when there are new updates on the site so you wouldn't miss them.

Autobiography
Өмірбаян