Өмірбаян

Үмбетияров Талғат Әкімгерейұлы 1983 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 2000 жылы Алматы қаласындағы № 67 орта мектепті бітірген. 2005 жылы Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін бітірген, мамандығы – еңбек және тіршілік қауіпсіздігі.

2008 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін «Заңтану» мамандығы бойынша үздік бітірді. Еңбек жолын 2005 жылы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министрлігінің Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінде бастады. Әртүрлі бөлімдерде жұмыс жасады, онда халықты төтенше жағдайлардағы іс-қимылдарға оқытумен, қала қызметтерінің табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардағы іс-қимылдарға арналған іс-шаралар жоспарларын әзірлеумен айналысты. 2007 жылдан 2012 жылға дейін Алматы қаласы ТЖ және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау басқармасының өнеркәсіптік объектілері мен ұйымдарында азаматтық қорғаныс және авариялық-құтқару жұмыстары іс-шараларын мемлекеттік бақылау жүйесінде жұмыс істеді. Ол кезде кәсіпорындарында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырған, сондай-ақ халықты төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимыл бойынша оқытумен айналысқан. Төтенше жағдайлар министрлігі жүйесіндегі жұмыс кезеңінде көптеген Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуларға, оның ішінде шет мемлекеттер қызметтерінің қатысуымен өткен оқу-жаттығуларға қатысқан. Көптеген алғыс хаттары бар.

2012 жылдан бастап ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің Алматы қаласы бойынша бақылау және әлеуметтік қорғау Департаментіне жұмысқа ауысып, онда мемлекеттік еңбек инспекторы лауазымында жұмыс істеді. 2014 жылы қайта ұйымдастырылуына байланысты Алматы қаласының мемлекеттік еңбек және көші-қон инспекциясы басқармасына жұмысқа ауысты, ол кейін Алматы қаласы әкімдігінің жанындағы Алматы қаласының әлеуметтік әл-ауқат басқармасы болып қайта құрылды. Қазіргі уақытта сол жерде мемлекеттік еңбек инспекторы лауазымында жұмыс жасайды. Мемлекеттік еңбек инспекторы лауазымында жұмыс істей отырып, еңбек заңнамасы мәселелері, жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғау, еңбек заңнамасының нормаларын түсіндіру бойынша азаматтардың өтініштерін қарауды жүзеге асырады. Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыра отырып, мемлекеттік еңбек инспекторының күшімен 1500-ден астам жұмыскердің еңбек құқықтары қорғалды, оның ішінде олардың жалақысы өндірілді. Сондай-ақ, Алматы қаласы кәсіподақтарының қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау мақсатында мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл бойынша жұмысына белсенді қатысады. Негізгі қызметінде өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеумен айналысады, онда негізгі мақсаты жұмыс орнында жарақат алған қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау болып табылады. Жұмыс барысында 200-ге жуық жазатайым оқиға қаралды. Бұдан басқа, еңбек заңнамасы мәселелері бойынша әртүрлі деңгейдегі соттарға қатысады және қызметкерлердің мүдделерін білдіреді. Әлеуметтік қорғау жүйесіне қосқан үлесі үшін 2017 жылы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің "Әлеуметтік-еңбек саласының үздігі" медаліне ие болды.

Үйленген, 2 баласы бар, қызы – 6 жаста, ұлы – 1,5 жаста. Жасөспірім шағында баскетболмен айналысты, 1999 жылы қалалық стрит-бол жарыстарында 1 орын алды. Белсенді өмір салтын жүргізеді. Хоббиі – тауға шығу, сурет салу, Алматы қаласындағы футбол бойынша әуесқой лигада ойнайды. Мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген.

×
Stay Informed

When you subscribe to the blog, we will send you an e-mail when there are new updates on the site so you wouldn't miss them.

Өмірбаян
Поздравляем Директора Центра образовательных иннов...