Аңдатпа

Техника ғылымдарының кандидаты, ХҚТУ және РЖА профессоры, ХАА толық мүшелігіне кандидат

 

Мейірбеков Әбділда Тұрсынханұлы 1957 ж. 16 мамыр күні Кентау қаласында дүниеге келген.       

Мейірбеков Әбділда Тұрсынханұлы алғашқы еңбек жолын Кентау қаласындағы А.С.Пушкин атындағы №6 мектепті бітірген соң, 1974 жылы Кентау экскаватор зауытында токарь мамандығы бойынша жұмысшы болып бастады.

Ә.Т. Мейірбеков 1975 жылы Шымкент қаласындағы Қазақ химия-технологиялық институтына оқуға түсіп, оны 1980 жылы үздік белгімен бітіріп шыққан соң, арнайы жолдамамен Алматы қаласындағы «Казгипрторг» атты жобалау институтына жұмысқа жіберіліп, ол институтта 1983 жылға дейін инженер қызметін атқарды.

 

1983 жылдан 1993 жылға дейін Шымкент қаласындағы Қазақ химия-технологиялық институтында қоршаған ортаны қорғау мәселесімен айналысатын «Фосфор және минералды тыңайтқыштар өндірісінің өнеркәсіп қалдықтарын пайдалану және тазалау бойынша салалы ғылыми-зерттеу лабораториясында» инженер, кіші ғылыми қызметкер, ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер қызметтерін атқарды. Сондай-ақ, 1990 жылы жоғарыда аталған институттың аспирантурасын бітірді.

1993 – 2001 жылдар арасында Шымкент қаласында орналасқан өндіріс орындарының экологиялық мәселелерімен айналысатын «НИЕТ» ғылыми-өндірістік кәсіпорынының директоры қызметін атқарды.

2001 жылдан бері Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіде қызмет етіп келеді. Оның ішінде 2001-2003 жылдары Экология ғылыми зерттеу институтында аға ғылыми қызметкер, 2003-2005 жылдары Кентау институтының «Өндірістік экология» кафедрасының аға оқытушы, доцент міндетін атқарушы және сол кафедраның меңгерушісі қызметін, 2005-2006 оқу жылында университетің «Жаратылыстану» кафедрасында доцент қызметін, 2006-2007 оқу жылында университеттің екі институтқа бөлінуіне байланысты Түркістан Гуманитарлық ғылымдар және бизнес институтының оқу-әдістемелік бөлімінің бастығы қызметін, 2007-2008 оқу жылында жоғарыда аталған институттың «Жаратылыстану пәндері» кафедрасының меңгерушісі қызметін, 2008-2009 оқу жылынан 2011 жылдың қыркүйек айына дейін «География» кафедрасының меңгерушісі қызметін, 2011 жылдың қыркүйек айынан 2013 жылдың қазан айына дейін Аймақтық орталық, ғылым, магистатура және докторантура орталығының директоры қызметін атқаруды. Қазіргі таңда «Экология және химия» кафедрасының профессоры қызметін атқаруда.

         2004 жылы қырқүйек айында М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университетіндегі Д 14.13.02 диссертациялық кеңесінде 25.00.36 – Геоэкология мамандығы бойынша «Разработка и исследование пылеуловителей с двумя зонами контакта фаз, адаптированных к экологопроизводственной деятельности агропромышленности» атты тақырыпта кандидаттық диссертация қорғаған. 2008 жылғы ҚР Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің 23 маусымдағы шешімімен (№8 хаттама) экология мамандығы бойынша доцент атағын алған. 2012 жылы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Сенатының 28 мамырдағы шешімемен (№5 хаттама) университет профессоры және 2013 жылы 7 қаңтардағы Ресей Жаратылыстану академиясының президиумының шешімімен Ресей Жаратылыстану академиясының профессоры атақтары берілді. 2013 жылы 15 ақпанда Халықаралық ақпараттандыру академиясының толық мүшелігіне кандидат болып сайланды, диплом №1400 РК.

Ә.Т.Мейірбеков оқу процесімен қатар, ғылыми жұмыстармен де тиянақты айналысуда. Оның 140-тан аса ғылыми енбектері бар.   Ол 16 -монография, оқу құралдары мен оқу әдістемелік құралдардың және 32 ҚР патенттері мен авторлық куәліктерінің авторы.

Ә.Т.Мейірбековтің жетекшілігімен Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ студенттерінің ғылыми жұмыстары төрт мәрте ҚР ЖОО студерттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының Республикалық конкурсында 1 орын, Кентау қаласының «Дарын» мектебінің оқушылары Республикалық оқушылар арасындағы ғылыми жұмыстар байқауының облыстық кезеңінде 1 және 2 орын, «География» мамандығы студенттерінен құралған «Яссы» тобы ҚР ЖОО студерттерінің Республикалық пәндік олимпиядасында 2 орын алған.

Ә.Т.Мейірбеков жас мамандарды дайындаудағы еңбегі үшін университеттің алғыс хаттарымен, 2008 жылы «ҚР білім ісінің құрметті қызметкері» төс белгісімен, 2010 жылы «Нұр-Отан» ХДП ОҚО филиалы грамотасымен, 2011 жылы «ОҚО маслихатының» грамотасымен, 2013 жылы онертапқыштық салаға үлесі үшін ҚР ӘМ Зияткерлік меншік комитетінің грамотасымен, 2013 жылы жастарды ғылымға баулудағы еңбегі үшін ОҚО білім басқармасының грамотасымен марапатталып, 2012 жылы Кентау қаласы маслихатының № 13 шешімімен «Кентау қаласының құрметті азаматы» атанды. 2013 жылы отандық ғылымның дамуындағы жетістіктері үшін В.И.Вернадский атындағы және өнертапқыштық саланың дамуына қосқан үлесі үшін А.Нобель атындағы медалдармен, сонымен қатар ғылым мен білім саласындағы еңбегі үшін «Еңбегі мен білімі» атты Халықаралық Орденмен марапатталды.

Ол 2009 жылдың «ЖОО үздік оқытушысы» грантының иегері. Университеттің 2010 және 2011 жылдары «Жыл ғалымы» конкурсының жеңімпазы.

 

Байланыс телефондары: ұялы т. 8-702-641-78-80

                                           E-mail:   Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.

×
Stay Informed

When you subscribe to the blog, we will send you an e-mail when there are new updates on the site so you wouldn't miss them.

Мейрбеков Абдилда Турсунханович
Программы --- Печать фото на документы с помощью g...