«Парасатты ұрпақ үшін» Қоғамдық Қоры мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, БАҚ өкілдері мен қоғам белсенділерін «Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам – принциптен әрекетке» тақырыбындағы Форумға қатысуға шақырады.
Форум Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасы және Алматы қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментімен серіктестік аясында өткізілуде.
Іс-шараның мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың стратегиялары мен әдістерін әзірлеу және талқылау, мемлекеттік бағдарламалардың ашықтығы мен тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке халықтың сенімін нығайту үшін қоғамның түрлі секторларының күш-жігерін біріктіру.
Форум сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы сарапшылардың, мемлекеттік, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың, бизнес секторы мен БАҚ өкілдерінің қатысуымен жаңа интерактивті форматта өтеді.
Пікірталас алаңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте мемлекеттік институттардың алдында тұрған негізгі міндеттер талқыланып, сыбайлас жемқорлық қақарсы күрестің табысты істерінің тұсаукесері, тәжірибе алмасу жарияланады, мемлекеттік органдардың халықпен жұмыс жасайтын мониторингі мен есеп беруін жақсарту бойынша нақты шаралар ұсынылатын болады.
Форумға қосылыңыз және адалдық, ашықтық,әділдік үшін жаһандық қозғалыстың бір бөлігі болыңыз!
Іс-шараға тіркелу, қосымша ақпарат алу , сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша үздік идеялар мен табысты тәжірибелерді таныстыруды қалайтындар үшін байланыс ақпараты:
Марат Қалимолдин, whatsapp - 8 705 305 75 98, Эльмира Таубаева, whatsapp - 8 747 545 48 28, e-mail: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.