Халықаралық Ақпараттандыру Академиясы (ХАА)
келесі секциялар бойынша толық мүшелер (академиктер) және корреспондент мүшелердің бос орнын басу үшін байқау жариялайды*:
- Ақпараттық технологиялар мен коммуникациялар (10; 11),
- Экономика, өндіріс, ақпараттық-коммерциялық қызмет (5; 7),
- Экология, медицина (5; 9),
- Жаратылыстану және техниканың ақпараттық-кодтық мәселелері (4; 5),
- Әлемдік қоғамдастықтың ақпараттық-рухани жандануы (5; 9),
- Геоақпараттық технологиялар (3; 5),
- Жүйелік тұжырымдамалар және қосымшалар (4; 8).
Байқауға қатысу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:
- ХАА Президентіне, Ашимов А.А. өтініш
- Сауалнама
- Еңбектердің тізімі;
- ЖОО-н бітіргені жайлы дипломдардың, ғылыми дәрежені, ғылыми атақты иеленгендігі жайлы құжаттың көшірмелері;
- 3х4 өлшемді екі сурет
- Жеке куәлік көшірмесі (ЖСН болуы қажет);
- ХАА мүшелерінің ұсынысы (кемінде 2-еу)
Академияның толық мүшерінің бос орындарын иелену байқауына ғылым докторалары (және PhD докторлар), атақты мемлекеттік және саяси қызметкерлер қатыса алады, ал корреспондент мүшелердің бос орнын иеленуге - ғылым магистрлары мен кандидаттары, сондай-ақ біліктілігі доғары мамандар мен кәсіпкерлер; адъюнкттердің бос орнын басу байқауына – жоғары білімді мамандар: бакалаврлар мен магистранттар.
Байқауға қажет құжаттар келесі мекен-жай бойынша қабылданады: 050013, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Сәтпаев көшесі, 22а (ҚазҰТУ ғимараты), 202 ГМК, Халықаралық ақпараттандыру академиясы (ХАА)
Анықтама үшін телефондар: 8 (727) 257 71 61, факс: 8 (727) 292 90 71
E-mail: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript., Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.
Веб-сайтымыз: http//www.academy.kz
*Жақшадағы: бірінші сан толық мүшелерге бос орындардың саны, ал екінші сан корреспондент мүшелерге бос орындардың саны.