25 октября 2026

Қазақстан Республикасының Республика күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Құрметті Халықаралық ақпараттандыру академиясының (ХАА) мүшелері!

Сіздерді 25 қазан – Қазақстан Республикасының Республика күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

 

Бұл мереке – еліміздің тәуелсіздігі мен мемлекеттілігінің, бірлігі мен өркендеуінің символы. Қазақстанымыздың мерейі артып, көк туымыз әрдайым биікте желбіресін!

Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, ғылыми және кәсіби қызметтеріңізге толағай табыс, жаңа жетістіктер мен шығармашылық шабыт тілейміз!

Бірлігіміз бекем, еліміз еңселі, тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!

Ізгі тілекпен,
ХАА Дирекциясы