22 июня 2026

«Технологияларды коммерцияландырудың қазақстандық және халықаралық тәжірибесі»

Сіздерді «Технологияларды коммерцияландырудың қазақстандық және халықаралық тәжірибесі» тақырыбындағы жария дәріс-пікірталасқа қатысуға шақырамыз.

 

📅 Күні: 2026 жылғы 24 маусым
🕒 Уақыты: 15:00
📍 Өтетін орны: Халықаралық ақпараттандыру академиясы, Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 79 (Әйтеке би көшесінің қиылысы), 3-қабат, 315-кабинет.
💻 Форматы: гибридті (офлайн және онлайн).

Спикер: Арын Орсариев – саясаттану ғылымдарының докторы, «Технологияларды коммерцияландыру жөніндегі мамандар альянсы» республикалық қоғамдық бірлестігі Басқарма төрағасы.

Кездесу барысында ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландырудың заманауи тәсілдері, Қазақстан мен шетелдің үздік тәжірибелері, сондай-ақ ғылым, бизнес және мемлекет арасындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері қарастырылады.

Іс-шараға ғалымдар, зерттеушілер, оқытушылар, студенттер, кәсіпкерлер, мемлекеттік органдардың өкілдері және барлық қызығушылық танытқан азаматтар шақырылады.

Онлайн форматта қатысу үшін:

Zoom.

Тема: Лекция-дискуссия на тему «Казахстанский и международный опыт коммерциализации технологий»
Время: 24 июн. 2026 03:00 PM Астана, Алматы
Присоединиться к конференции Zoom
https://us02web.zoom.us/j/84143363479?pwd=whdO1SJRAZWNy5HGPAFHugfySBCRf1.1

Ссылка на чат конференции
https://us02web.zoom.us/launch/jc/84143363479

Идентификатор конференции: 841 4336 3479
Код доступа: 538485

Қатысуларыңызды күтеміз!