Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұран – халқымыздың тәуелсіздігі мен егемендігінің, ұлттық бірлігі мен рухани құндылықтарының айқын көрінісі. Бұл қасиетті рәміздер әрбір қазақстандықтың жүрегінде Отанға деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін қалыптастырады.
Осы мерекелі күні баршаңызға зор денсаулық, отбасы амандығын, еңбектеріңізге табыс, шығармашылық жетістіктер мен жаңа белестер тілейміз. Еліміздің өсіп-өркендеуі жолындағы қызметтеріңіз жемісті болып, Қазақстанымыздың мәртебесі биіктей берсін!
Ізгі тілекпен,
ХАА дирекциясы



