Спикердің айтуынша, Цифрлық кодексте ақпараттық қауіпсіздікке қойылатын талаптар бекітіледі. Олар деректер санатына және оларды сақтау жүйелеріне байланысты болады. Құжатта цифрлық деректердің жалпы ұғымы енгізіледі, оған мемлекеттік органдарда қалыптастырылатын әкімшілік деректер, сондай-ақ азаматтар мен бизнесті сәйкестендіруге арналған эталондық ақпаратты қамтитын ұлттық тіркелімдердің деректері кіреді.
«Ашық деректер ұғымы енгізіледі, яғни түрлі платформада еркін пайдалануға болатын ақпараттың нақты тізбесі айқындалады. Сонымен қатар қолжетімділігі шектеулі деректер санаты көзделген, бұл ретте киберқауіпсіздік талаптары күшейтіледі. Бұдан бөлек, жеке бапта цифрлық объектілердің жіктелуі беріледі — цифрлық жазбалар мен қарапайым сайттар мен дерекқорлар сияқты ақпараттық ресурстардан бастап, бағдарламалық қамтамасыз ету мен цифрлық жүйелерді қоса алғанда, цифрлық ортаның неғұрлым күрделі элементтеріне дейін», — деп түсіндірді Дмитрий Мун.
Сондай-ақ ол Цифрлық кодексте нарықтың әртүрлі қатысушылары өзара іс-қимыл жасайтын цифрлық платформалар ұғымы енгізілетінін атап өтті. Оның айтуынша, ақпараттық жүйелерді класстарға бөлу платформалардың ауқымы мен өңделетін деректер көлеміне қарай ақпараттық қауіпсіздікке сараланған талаптар белгілеу үшін қажет.
Вице-министр ақпараттық жүйелерді жіктеу ақпараттық қауіпсіздікке түрлі талап қою үшін қажет екенін түсіндірді.
«Кодексте цифрлық объектілер үшін арнайы режимдерге бөлу қарастырылған. Бұл — отандық бағдарламашылар жасаған, локализациялау деңгейі жоғары ақпараттық жүйелер туралы. Мысал ретінде Өнеркәсіп министрлігін келтіруге болады, онда сенімді цифрлық объектілердің жеке тізілімі қалыптастырылған», — деді спикер.



