31 декабря 2025

Жаңа жылмен құттықтаймыз!

Құрметті ХАА мүшелері! 


Сіздерді келе жатқан Жаңа жылмен шын жүректен құттықтаймыз!

Өтіп бара жатқан жыл елеулі жетістіктерге, нәтижелі ғылыми ізденістерге және кәсіби дамуға толы болды деп сенеміз.

Жаңа жыл сіздерге зор денсаулық, отбасылық амандық, шығармашылық шабыт пен тың ғылыми идеялар әкелсін. Ғылыми еңбектеріңіз жоғары бағаланып, бастамаларыңыз сәтті жүзеге асып, ынтымақтастығымыз одан әрі нығая берсін.
Әр шаңырақта береке мен бірлік орнап, кәсіби қызметтеріңізде тұрақтылық пен толағай табыстар серік болсын.


 Ізгі ниетпен, ХАА дирекциясы