21 апреля 2026

Citrix Summit Kazakhstan 2026 қорытындысы

2026 жылғы 17 сәуірде The Ritz-Carlton Almaty қонақүйінде Citrix Summit Kazakhstan 2026 — цифрлық жұмыс кеңістіктері мен цифрлық трансформация саласындағы маңызды салалық іс-шара өтті.

Саммитке CIO, CDO, ІТ-сарапшылар және түрлі салалардағы бизнес көшбасшылар — мемлекеттік сектордан бастап қаржы және халықаралық компания өкілдері қатысты. Іс-шара кәсіби диалог, тәжірибе алмасу және цифрлық экономиканың өзекті мәселелерін талқылау алаңына айналды.

Саммит аясында ерекше назар келесі бағыттарға аударылды:

— digital workspace дамыту;
— жасанды интеллект және ақпараттық қауіпсіздік шешімдерін енгізу;
— гибридті ІТ-инфрақұрылымды қалыптастыру.


Сала сарапшыларының мазмұнды баяндамалары қатысушыларға өзекті инсайттар мен тәжірибелік кейстер алуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, Demo-zone форматында заманауи шешімдердің жұмыс істеу принциптері көрсетілді.

Қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудырған бағыттар:

✔ Digital Workspace платформаларының таныстырылымы;
✔ AI-security тақырыбындағы баяндамалар;
✔ бизнеске арналған бұлттық шешімдер;
✔ қатысушыларды біріктірген интерактивті финалдық квиз.

Аталған іс-шара өңірде цифрлық трансформацияға деген жоғары қызығушылықты тағы бір мәрте дәлелдеп, серіктестік орнату мен жаңа бастамаларды іске қосу үшін маңызды алаң екенін көрсетті.
Барлық қатысушыларға, спикерлер мен серіктестерге Citrix Summit Kazakhstan 2026 саммитін жоғары деңгейде өткізуге қосқан үлестері үшін алғыс білдіреміз!