Өмірбаян

Ткачук Андрей Александрович 1985 жылы 10 сәуірде Павлодар облысы, Павлодар қаласында дүниеге келген.

2002 жылы Мұхтар Әуезов атындағы КММ жалпы орта білім беру мектебін бітірген. С. Торайғыров Павлодар мемлекеттік университетіне оқуға түсті.

2007 жылы С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін 250140 – «Машина жасау технологиясы, металл кесетін станоктар мен құралдар» мамандығы бойынша бітірді (АЖБ №0047513), магистратураға түсті.

2009 жылы Павлодар мемлекеттік университетінің магистратурасын 6N0712 – «Машина жасау» мамандығы бойынша бітірді (МЖӘ №0006284).

2007 жылы С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетіне инженерия факультетінің «Машина жасау және стандарттау» кафедрасына біліктілігі жоғары деңгейдегі санатсыз өндірістік оқыту шебері лауазымына жұмысқа қабылданды.

2009 жылы «Машина жасау және стандарттау» кафедрасына сырттай оқытушы көмекшісі ретінде қабылданды.

2009 жылдан 2013 жылға дейін – «Машина жасау және стандарттау» кафедрасының ассистенті және оқытушысы.

2013 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – «Машина жасау және стандарттау» кафедрасының аға оқытушысы.

Оқытатын пәндері: «Механикалық құрастыру цехтарын жобалау», «Технологиялық жабдықтарды жобалау», «Техникалық өлшеу негіздері», «Металл кесетін құралдар».

2017 жылдың қыркүйек айынан бастап-жоғары санатты өндірістік оқыту шебері.

2020 жылдың қыркүйегінен бастап қазіргі уақытқа дейін – «Машина жасау және стандарттау» кафедрасының оқу зертханаларының меңгерушісі.

2008 жылдан бастап «Аманат» партиясының мүшесі. «Торайғыров университеті» КЕАҚ қызметкерлері кәсіподағының мүшесі.

Өзінің біліктілігін ұдайы арттырып отырады: № 4780 «Оқу процесінде тест нысандарын қолдану» сертификаты, біліктілікті арттыру шеңберінде 72 сағат көлемінде, 2009 ж. 16-28 қараша; «Ағылшы тілі» ағылшын тілі курстары, 2012 ж. шілде; «Жоғары мектеп педагогикасы» курстары, 36 сағат көлемінде, 28.01.2012 ж.; курс ағылшын тілін оқу бойынша Pre-Intermediate деңгейі 90 сағат көлемінде, 30.12.2015 ж. сертификаттар алумен; 8 сағат көлемінде «SIOP for instructors of English-medium» курстары, 11.12.2018 жылғы сертификат; «Менеджмент дүйлерін кәсіппен айналысу бойнша аймақты (салықтық) семинарларды өткізу», сертификат № 500, 25.04.2019 ж.; біліктілікті арттыру курстары 30.05.2019 жылдан 12.06.2019 жылға дейін 72 сағат көлемінде «Металл өңдеу өндірісінің заманауи технологиялары мен жабдықтары» кәсіби даярлау бағдарламасы бойынша, «ПРОМТРАНС» ЖШС, Қарағанды қ.

Жұмыс барысында ҚР БҒМ ҰТО директорының Әбдиев Қ. алғыс хатымен марапатталды, ҰБТ өткізгені үшін, 23.12.2015 ж.; ПМУ ректорының алғыс хатымен С. Торайғырова, ҚР 25 жылдығына орай, 2016 ж., желтоқсан; ПМУ ректорының алғыс хатымен С. Торайғырова университет аумағын көркейтуге қосқан үлесі үшін, 2018 жылғы шілде; «Нұр Отан» партиясының Павлодар облыстық филиалы атынан алғыс хатпен, 15.12.2020 ж.

39 еңбектің авторы/тең авторы: оның ішінде 4 оқу құралы, пайдалы модельдерге 5 патент, индекстелмейтін ғылыми конференцияларда 19 мақала, нөлдік емес импакт-факторы бар журналдарда 11 мақала, Scopus, КОКСОН, Хирш индексі 2,0; Scopus-та Author ID: 58073357700; ORCID ID: 0000-0003-2230-3697.

×
Stay Informed

When you subscribe to the blog, we will send you an e-mail when there are new updates on the site so you wouldn't miss them.

Biography
Autobiography