By Бабашев Абдразак Маханович on 14.07.2025
Category: Библиотека

Өмірбаян

Биология ғылымдарының кандидаты, профессор

Қысқаша өмірбаяны

Бабашев Абдразак Маханович 1955 жылы 29 қарашада Түркістан қаласында дүниеге келген. М.Маметова атындағы орта мектепті тәмамдаған, сонымен қатар домбыра сыныбы бойынша музыкалық мектепті қатар бітірген.

1972 жылы медициналық колледжге түсіп, оны үздік дипломмен аяқтады. Артынша жолдамамен С.М.Киров атындағы ҚазМУ-ге оқуға түсіп, 1980 жылы «Биолог» мамандығы бойынша үздік дипломмен тәмамдады. Мамандық бойынша – биофизика саласына маманданған биология және химия пәндерінің оқытушысы.

Оқуды бітіргеннен кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Адам және жануарлар физиологиясы ғылыми-зерттеу институтына жұмысқа орналасты.

1990 жылы «Онтогенез барысында суыққа, гипоксия мен гиперкапнияға төзімділіктің қалыптасуында симпатикалық жүйке жүйесінің рөлі» тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғады.

1991 жылдың қазан айынан бастап Абай атындағы ҚазҰПУ-де педагогикалық қызметін бастады. Жоғары оқу орнында жұмыс істеген жылдары үш рет Жаратылыстану және География-экология факультеттерінің оқу ісі жөніндегі декан орынбасары қызметін атқарды. Сонымен қатар, екі жылдан тәрбие ісі және ғылым мен халықаралық байланыстар жөніндегі декан орынбасары болып жұмыс істеді.

2001 жылдан бастап – доцент, 2007 жылдан – профессор, 2019 жылдан бастап – ҚР МАИН академигі.

Авторлық бірлестікте 7 оқу құралы, 250-ден астам ғылыми және ғылыми-әдістемелік еңбектері бар.

Биология пәні бойынша мектеп оқулықтарын, бакалавриат пен магистратура деңгейлеріне арналған тест тапсырмаларын әзірлеу, ҰБТ және мемлекеттік стандарт (ГОСО) жобаларын жасауға қатысқан.

Факультет, институт, университет және ҚР БҒМ тарапынан бірнеше рет алғыс хаттармен марапатталған. «Үздік ұстаз» төсбелгісінің иегері.

 

БІЛІМІ

Білім беру мекемесі

Біліктілігі

Бітіру жылы

С.М. Киров атындағы ҚазМУ, үздік диплом

Биолог. Биология және химия пәнінің оқытушысы

1980 жыл

ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕСІ

Ғылыми дәреженің атауы

Ғылым саласы

Диплом берілген күні

Биология ғылымдарының кандидаты

Адам мен жануарлар физиологиясы

1991 жыл, 3 сәуір, Мәскеу

ҒЫЛЫМИ АТАҚТАРЫ

Ғылыми атақтың атауы

Берілген күні

Доцент

2001 жыл, 21 қыркүйек

Университет профессоры

2007 жыл, 20 желтоқсан

МАИН академигі

2018 жыл, 20 қараша

 

 

ОҚЫТАТЫН ПӘНДЕР (дайындық деңгейлері бойынша)

Бакалавриат үшін (барлық педагогикалық мамандықтарға):

Магистратура үшін:

ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТІ

Зерттеу тақырыптары және жарияланымдар саны (маңызды 5-і көрсетілген):

ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚЫЗМЕТІ

Зерттеу тақырыптары және жарияланымдар саны:

Қызметі аясында:

МАРАПАТТАРЫ

 

Ғылыми мақалалар.

Бабашев Абдразак Маханович

Молсадыкқызы М…, Кулбаева М.С., Атанбаева Г.К.

Ниттриттік улану кезіндегі егеуқұйрықтардағы қанның биохимиялық көрсеткіші. Абай атындағы Қазақ ұлтық педагогикалық

университеті. Алматы, Вестник,«Жаратылыстану-география ғылымдары» сериясы № 3(61) 2019 ж. ст 61-64

2019-г.

4-стр.

Бабашев Абдразак Маханович

Молсадыкқызы М…, Атанбаева Г.К.

Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша алынған әдіс-тәсілдермен оқушылардың білім сапасын тексеру. Абай атындағы

Қазақ ұлтық педагогикалық университеті. Алматы, Вестник,«Жаратылыстану-география ғылымдары» сериясы №4(61) 2019 ж.

ст 158-163

2019-г.

6 -стр.

Бабашев Абдразак Маханович

Абдрешов С.Н., Атанбаева Г.К.

Жүрек қызметінің 14-16 жастағы оқушыларда болатын функционалдық ерекшеліктері Абай атындағы Қазақ ұлтық

педагогикалық университеті. Алматы, Вестник,«Жаратылыстану-география ғылымдары» сериясы №4(60) 2019 ж. Стр. 39-45.

2019 -г.

7 -стр.

Бабашев Абдразак Маханович

Санбаева Б.Ж., Атанбаева Г.К.

Жаңартылған білім мазмұны бойынша тиімді әдістер-тәсілдерді қолдану және білікті маман талаптарына сай сабақ беру. Абай

атындағы Қазақ ұлтық педагогикалық университеті. Алматы, Вестник,«Жаратылыстану-география ғылымдары» сериясы

№4(60) 2019 ж. ст. 85-89.

2019-г.

5-стр.

Бабашев Абдразак Маханович

Кулбаева М.С., Умбетьярова Л.Б., Жапаркулова Н.И.

The influence of educational stress on the psychological and physiological health of students

2024-г.

5-стр.

Бабашев Абдразак Маханович

Кулбаева М.С., Абдрасулова Ж.Т., Тулеуханов С…

Қашықтықтан білім беру жағдайында студенттердің дәріске қатысукөрсеткіштерін зерттеу

2022-г.

8-стр.