Біз келесі бағыттар бойынша тренерлер мен сарапшылар командасын кеңейтеміз:
- стратегиялық басқару;
- жобалық және операциялық басқару;
- Agile және икемді басқару тәсілдері;
- Kaizen және процестерді жетілдіру.
Білімдері мен тәжірибесін кәсіби аудиториямен бөлісуге дайын мамандарды шақырамыз.
Тренерлік тәжірибенің болғаны құпталады, бірақ міндетті талап емес. Ең бастысы – өз бағытыңызды терең меңгеру, жүзеге асырған нақты жобаларыңыздың болуы және тренер ретінде дамуға деген ұмтылыс.
ҚР ЖМО-мен ынтымақтастық – бұл:
- PMI және IPMA провайдері брендімен авторлық курсты әзірлеп, іске қосу мүмкіндігі;
- ашық және корпоративтік тренингтер өткізу;
- жеке кәсіби брендіңізді дамыту;
- Қауымдастықтың білім беру және консалтингтік жобаларына қатысу;
- ҚР ЖМО кәсіби қауымдастығының бір бөлігі болу мүмкіндігі.
ҚР ЖМО – PMI-дың аккредиттелген тренингтік серіктесі және IPMA халықаралық сертификаттауына дайындық орталығы.
Іріктеуге қатысу үшін түйіндемеңізді, практикалық кейстеріңіз туралы ақпаратты және оқытуға дайын тақырыптарыңызды мына байланыстарға жолдаңыз:
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.
+7 701 111 45 03 – Алия
+7 700 973 33 05



