Іс-шараның спикері – Арын Орсариев, саясаттану ғылымдарының докторы, Технологияларды коммерцияландыру мамандары альянсының жетекшісі.
Дәріс барысында ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландырудың заманауи тәсілдері, Қазақстан мен шетелдегі үздік тәжірибелер, сондай-ақ ғылым, бизнес және мемлекет арасындағы өзара іс-қимылдың тиімді тетіктері талқыланды.
Қатысушылар технологиялар трансфері, инновациялық экожүйені дамыту, ғылыми әзірлемелерді қолдау және оларды экономиканың нақты секторына енгізу мәселелері бойынша пікір алмасып, Қазақстандағы технологияларды коммерцияландыру жүйесінің өзекті мәселелері мен даму перспективаларын талқылады.
Іс-шара гибридті форматта өтіп, оған ғалымдар, зерттеушілер, оқытушылар, студенттер, кәсіпкерлер, мемлекеттік органдардың өкілдері және басқа да қызығушылық танытқан азаматтар қатысты. Дәріс кәсіби қауымдастық арасында үлкен қызығушылық тудырып, мазмұнды пікір алмасу алаңына айналды.
🎥 Дәрістің толық бейнежазбасын мына сілтеме арқылы көре аласыздар:
https://www.youtube.com/watch?v=ZIRfyL5QQ-o
Спикерге және іс-шараға қатысқан барлық қатысушыларға белсенді қатысқандары, мазмұнды пікірлері мен ғылым, білім, бизнес және мемлекет арасындағы ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлестері үшін алғысымызды білдіреміз!



