Іс-шара Ғылым Ордасы ғимаратында өтіп, оған салалық академиялардың, ғылыми ұйымдардың басшылары мен ғылыми қауымдастық өкілдері қатысты.

Кеңес барысында отандық ғылымды дамыту, ғылыми ұйымдар арасындағы өзара іс-қимылды нығайту, сондай-ақ еліміздің ғылыми-білім беру кеңістігін одан әрі жетілдіру мәселелері талқыланды.
Мұндай кездесулер ғылым мен білім беру саласындағы ұйымдар арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуге және тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.



