М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
«Құрылыс және құрылыс материалдары» кафедрасының
доценті, техника ғылымдарының кандидаты, Ж.А.Алдияровтың
ӨМІРБАЯНЫ
Алдияров Жұмаділла Әлібекұлы ОҚО, Сарыағаш ауданында 1963 жылы 8 наурыз айында дүниеге келген.
1980 жылы Сарыағаш ауданы, Дарбаза ауылындағы №29 орта мектебін үздік бітіріп шықты.
1981-1983 жылдары Әскер қатарында кызмет атқарды.
1984 жылы Қазақ химия-технология институтына «Ауыл шаруашылық құрылыс» мамандығына оқуға түсті. 1989 жылы аталған институтты «Инженер-құрылысшы» біліктілігі бойынша бітіріп шықты.
1989 -1992 жылдары «Құрылыс факультетінің» сонан соң, ҚазХТИ-ң комсомол комитетінің секратары болып жұмыс атқарды.
1993-1996 жылдары ҚазХТИ-ның аспирантурасын тамамдап, «Құрылыс технологиясы және ұйымдастыру» кафедрасында оқытушы қызметін атқарды.
1997-2000 жылдары аралығында универсетіміздің студенттік ғылыми бөлімінде жұмыс атқарды.
2006 жылы Алматы қаласындағы «НИИСтромпроект» ғылыми-зерттеу институтында «Шлаксілтілі тұтқыр заттардан және бетоннан жасалған жол бұйымдарын кешенді гелиотермоөңдеудің ерекшеліктері» тақырыбы бойынша диссертация жазып, техника ғылымдарының кандидаты атағын қорғап шықты.
2008-2011жылдары Техникалық институттың директорының және «Кұрылыс және көлік» факультеті деканының орынбасары қызметін атқарды.
Алдияров Ж.А. ҚР БжҒМ «Ғылым қоры» қаржыландыратын 2015-2017 жылдарға арналған гранттық ғылыми жобаның жауапты орындаушысы болып табылады.
Алдияров Ж.А. ғылыми жұмыстары бойынша 120 аса ғылыми еңбектері жарияланып, ҚР 2 патенті мен 1 алдын ала патентінің иегері.
Марапатары: облыс әкімінің «Жылдың ең үздік тәлімгері» номинациясымен (2009ж.), 2015-2016 оқу жылының ОҚМУ-ң үздік аға оқытушысы номенациясымен (2016 ж), 2016-2017 жылының ОҚМУ-ң үздік доценті номенациясымен (2017 ж), ОҚМУ-ң 75-жылдық төсбелгімен (2017 ж), Ғылым мен білім беру саласындағы жетістіктері үшін ҚР БжҒМ диломымен (2019ж.) марапаталған.
2012-2015 жылы аралығында Алдияров Ж.А. «Жерге орналастыру және кадастр» кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды.
2016 жылдан бері «Өнеркәсіптік, азаматтық және жол құрылысы кафедрасының» доценті қызметін атқарып келуде.
Ол жауапкершілігімен, жұмысқа деген жоғары қабілеттілігімен, адалдығымен және парасаттылығымен ерекшеленеді.
Өзінің ғылыми-педагогикалық жетістіктерімен білім беру және ғылым салаларында жоғары құрметке ие.