Саясаттану ғылымының докторы, Ресей Жаратылыстану Академиясының мүше-корреспонденті, «Нархоз» университетінің «Мемлекеттік басқару» кафедрасының профессоры.
1981 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін «Тарих» мамандығы бойынша үздік бітірген.
2009 жылы қыркүйектен қазіргі кезге дейін «Нархоз» университетінің «Мемлекеттік басқару» кафедрасында жұмыс жасайды.
200-ден астам ғылыми мақалалардың, 4 монографияның, 3 оқу құралының авторы.
1998 жылы білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі» атағы берілді.
2007 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
2011 жылы «ЖОО-ның үздік оқытушысы» республикалық конкурсының жеңімпазы атанды.
2016 жылы «Нархоздың үздік оқытушысы» конкурсының жеңімпазы болды.
2016 жылдан бастап Ресейдің Жаратылыстану Академиясының мүше- корреспонденті.
2016 жылы ғылым және техника бойынша Еуропалық консорциум білім мен ғылымға қосқан үлесі үшін «Еңбекпен және біліммен» орденімен марапаттады.
2016 жылы Майндағы Франкфурт қаласындағы Дүние жүзілік кітап көрмесінде «Қазақстанның дамуының ұлттық моделі» атты монографиясы үшін Алтын медаль иеленді.
Дамыған елдердің сыртқы саясаты, Қазақстан Республикасының индустриалды- инновациялық саясаты, гендерлік саясат мәселелері бойынша зерттеу жұмыстарымен айналысады.