Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің халықаралық байланыс және ғылыми жұмыс бойынша «Есеп және аудит» кафедра меңгерушінің орынбасары, к.э.н.,доцент, доктор (PHD), халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі, ғылыми қоғамдық жақсы зерттеулігі үшін ҚР-ның Президенттік Фондтық премиясының лауреаты, ТМД –ғы ғылыми елдер арасындағы ғылыми жұмыс сайысының жеңімпазы, ҚР ҒБМ-ің дарынды жас ғалымдарға арналған мемелкеттік шәкіртақының 3 реттік лауреаты, «Еуразиядағы ең мықты жас ғалым» атты халықаралық сайысының финалисткасы.
Товма Наталия Александровна, Алматы қаласының тумасы, 1982 жылдың 12 наурызында дүниеге келген. 2003 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетін бухгалтерлік есеп және аудит мамандығы бойынша экономист-бухгалтер біліктілігін алып үздік аяқтады. Сол жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің экономика және бизнес факультеті, маркетинг және коммерция мамандығына магистратураға грантқа түсті. 2005 жылы аталған университеттің магистратурасын үздікке бітірді. Ары қарай Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ аспирантурасын оқыды. 2006 жылы 27 желтоқсанда Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ-де «Импорттық операциялар есебін, аудитін және талдауын жетілдіру (ҚР ұйымдарының материалдары негізінде)» тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғады. 2007 жылдың 26 сәуірінде білім мен ғылым саласында бақылау мен аттестациялау бойынша комитет комиссиясының шешімімен оған 08.00.12 – бухгалтерлік есеп, аудит және статистика мамандығы бойынша экономика ғылымдарының кандидаты дәрежесі берілді.
2005-2008 жылдары Товма Наталия Александровна әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде мемлекеттік грант бойынша докторантурада (PhD) оқыды. 2008 жылдың 13 маусымда «Экономика, басқару теориясы» мамандығы бойынша «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі: басқару мәселелері мен перспективалары» тақырыбында докторлық (PhD) диссертациясын қорғады.
2015 жылы 15 желтоқсан - Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының профессоры атағы берілді. 2014 жылы 26 тамызда – Халықаралық Ақпаратттандыру Академиясының академигі болып сайланды. Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының шешімімен «Экономикалық ғылымдар» (2015 жылдың 30 қаңтарынан бастап) бөлімі бойынша корреспондент-мүше болып сайланды.
2005 жылдан бастап әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде оқытушы болып, кейін «Есеп және аудит» кафедрасының аға-оқытушысы болып жұмыс істеді. 2009-2010 жылдары «Есеп және аудит» кафедрасының меңгерушісі болып, ал 2010-2014 жылдары «Есеп және аудит» кафедрасының доценті болып қызмет етті. 2014 жылдың 1 қыркүйегінен бастап қазіргі уақытқа дейін «Есеп және аудит» кафедрасының ғылыми-инновациялық жұмыстар мен халықаралық қатынастар бойынша меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарады. Оқитын пәндері: сыртқы экономикалық қызмет есебі, контроллинг, құрылыстағы есеп, мұнай-газ саласындағы есеп, басқару есебі, аудит, ішкі бақылау жүйесінің әдістемесі, қаржылық есептілік аудитінің әдістемесі, шоғырландырылған қаржылық есептілік, салық есебінің әдістемесі мен теориясы және туризмдегі есеп.
Товма Н. А. шетелде төрт тағылымдамадан өтті. 2006 жылдың қарашасынан бастап 2006 жылдың желтоқсанына дейін АҚШ, Канзас штаты, Лоуренсе қаласында ғылыми-зерттеу тағылымдамасынан өтті. 2007 жылдың желтоқсанынан 2008 жылдың ақпанына дейін Колумбиялық университетте (США, Нью-Йорк) тағылымдамадан өтті. ҚР БҒМ гранттық қаржыландыруы бойынша 2015 жылдың қарашасында Мадридте (Испания) тағылымдамадан өтті. 2015 жылдың 7-10 желтоқсанында - Стамбулда (Турция) Швейцария Үкіметі Natural Resource Governance Institute-мен бірлескен грант «Managing and Distributing Natural Resource Revenues» тренингтік курсқа қатысты.
Наталия Александровна – 8 халықаралық және 6 республикалық сыйлықтар пен марапаттар иегері. Үш рет ҚР БҒМ талантты жас ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендия байқауының лауреаты болған (2008-2010 жж.), (2012-2013 жж.)және (2013-2014 жж). 2008 жылдың қаңтарында «әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың үздік жас ғалымы-2008» дипломы берілді.
2012 ж. гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздік зерттеуі үшін ұлт көшбасшысы, тұңғыш президент қоры байқауының лауреаты болды. 2013 жылы Евразиялық ғалымдар клубынан «50-топ G-global желісіндегі ақпаратты-коммуникативті қатысушылар» номинациясы бойынша мақтау қағазымен марапатталды.
2013 жылдың желтоқсанында Мәскеудегі SAS университеті ТМД елдерінің ғалымдарының арасында ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша өткізген байқаудың жеңімпазы атанған. 2014 жылы Мәскеу қаласында « Математикалық статистика бойынша дәрістер мен тапсырмалар» жұмысы үшін әдістемелік жобалар байқауынан жеңімпаз дипломын иеленген.
«Европалық ғылыми-өндірісітік консорциум» атты марапаттар бойынша комиссия шешімі бойынша Наталия Александровна «Primus inter pares – қатарластарының ішіндегі алғашқы» орденімен марапатталды. (Мәскеу қ., 16.11.2014).
Мәскеу қаласында «Отандық ғылымның алтын қоры» Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының ұлттық бағдарламасы аясында «Европалық сапа» алтын белгісімен марапатталды (16.12.2014 г).
Ол 2014 жылдың 18 желтоқсанында Казан қаласындағы «Евразияның үздік жас ғалымы» халықаралық байқауының финалисті ретінде танылған.
2015 жылдың 26 қаңтары марапаттар мен сыйлықтар бойынша аттестациялау комиссиясының шешімімен жоғары мектептің педагогикасын жетілдірудегі жетістігі үшін «Жоғары оқу саласында новаторлық жобасы үшін» алтын белгімен марапатталды (Мәскеу қаласы).
Наталия Александровна 2015 жылдың наурызында жылда Мәскеудегі қоғамдық-құқықтық зерттеулер институты өткізетін «Қоғамдық-құқықтық ғылымдағы жаңа есімдер» байқауында «Мемлекеттік қаржылық бақылау механизміндегі аудит және тиімділік» жұмысы үшін лауреат болды.
Товма Наталия Александровна 2015-2017жылға «Жасыл экономикаға көшу кезінде Қазақстанның энерготиімділігін жоғарылату» атты ҚР БҒМ ғылыми-зерттеу жұмыстарын гранттық қаржыландыру жобасы бойынша ғылыми жетекші қызметкер болып табылады.
Соңғы жылда 48 сағаттық біліктілікті жоғарылату курсын өтіп, сертификат алды. «Қашықтықтан оқыту технологиясы» бағдарламасы бойынша біліктілікті арттрыру курсын сәтті аяқтағандығы жайлы куәлігі бар. 1 авторлық куәлік иегері болып табылады.
Товма Наталия Александровна өзінің ғылыми-педагогикалық қызметі кезеңінде 121,83 баспа беті көлемінде 217 ғылыми жұмысы жарық көрді. Оның ішінде: «Сыртқы экономикалық қызмет есебі мен аудиті» атты 1 оқу құралы, 2 монографиясы АҚШ-та жарық көрді, 1 монографиясы ҚР-да жарық көрді, 4 коллективтік монография, 59 мақала журналдарға басылып шыққан, ҚР білім және ғылым саласында бақылау мен аттестациялау бойынша комитетпен ұсынылғандар, шетел журналдарында жарық көрген 32 мақала, ҚР-да МНПК-да жарық көрген 39 тезис, 3 мақала – ғылыми конгресте, 56 тезис шетел МНПК-да жарық көрген, 12 мақала республикалық газеттерде, 2 мақала Казахстан журналдарға 3 мақала «әл-Фараби» журналындағ 2 мақала Scopus мәліметтер базасына кіретін рейтингтік журналда, 1 мақала Thomson Reuters мәліметтер базасына кіретін журналда жарық көрген.