By Есмагамбетов Булат-Батыр Саухымович on 31.03.2014
Category: Дополнительные материалы

Өмірбаян

Есмағамбетов Болатбатыр Сауқымұлы 1957 жылы 21 сәуір айынында Шымкент облысы, Ильич ауданының қала үлгісіндегі Ильич қыстақта тұылды. 1974 жылы Шымкент қаласының орта мектебін бітіріп Мәскеу қаласының Бауман атындағы жоғарғы техникалық училищеге түсті және аталған училищені 1980 жылы «Автоматтандырылған ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша бітірді. 1980-1986 ж.ж. МВТУ жанындағы «Институт проблем машиностроения» да инженер ретінде жұмыс істеді. 1986-1989 ж.ж. Бауман атындағы МГТУ-де аспирантурада оқыды. 1990 ж. «Радиоэлектронные устройства специального назначения, включая технику СВЧ и технологию их производства» мамандығы бойынша кандидаттық диссертацияны қорғады. 1989-2005 ж.ж. әртүрлі жұмыс орындарында жұмыс істеді. Оның ішінде: Қазақстан ауыл шаруашылық ғылымдар академиясының есептеу орталығының директорының орынбасары, ҚР ұлттық аэро-ғарыш агенттігінің бөлім бастығы, «Инфракос» мемлекеттік кәсіп орынының бас директоры, т.б. 2008 ж. қазақ көлік және коммуникациялар академиясында «Разработка адаптивных систем сбора и обработки информации и управления на транспорте» тақырып бойынша докторлық диссертацияны қорғады. 1995 ж. «Экология» қазақ халық академиясының корреспондент-мүшесі болып сайланды. 2012 ж. «Ақпараттандыру халық аралық академиясының» академигі болып сайланды. Кәзіргі күндерде М.Әуезов атындағы ӨҚМУ-де профессор қызметін атқарады. 50-ден аса ғылыми еңбектері баспадан шықты. Оның ішінде студенттерге арналған 5 оқулық, оның ішінде 2 – қазақ тілінде. ҚР ғарыш агенттігінің ғылыми техникалық кенестің мүшесі