By Потапенко Александра Олеговна on 01.06.2017
Category: Дополнительные материалы

Өмірбаян

Потапенко Александра Олеговна, 1991 жылдың 27 наурызында дүниеге келдім.

2008 жылы «Есептегіш техника және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетіне оқуға түстім.  2012 жылы аталмыш университетті  үздік бітірдім. Сол жылы «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетіне оқуға түстім. Магистратурада оқу жылдары магистранттарды алмастыру бағдарламасы бойынша Рига техникалық университетінде оқыдым. 6 жыл бойы қоршаған ортаны қатты аэрозольдармен ластауды бақылау және болжамдау жүйесін зерттеумен және әзірлеумен айналыстым.   Ғылыми зерттеулердің осы бағыты бойынша ЖАК журналында және халықаралық конференцияларда ұсынылған  6 мақала шығарылды. Зерттеу тақырыбы бойынша «МИСиС» Ұлттық зерттеу технологиялық университетінде сынақтан өтіп,  «Молодеж – Будущее – Окружающая среда» жобасы шеңберінде жас зерттеушілер мен тәжірибешілердің 4 халықаралық кездесуіне қатыстым.  Кездесу Германияда өтті: Бранденбург, Саксония, Саксония-Ангальт. Өнеркәсіптік  кәсіпорындар шығаратын қатты аэрозольдармен қоршаған ортаны ластауды талдаудың бағдаралмалық өнімі іске асырылды.  Жұмыс 2013 жылы «Жас ғалым» жобасын қолдауымен өткізілді. 2014  жылы магистратураны үздік аяқтадым.  Магистратураны аяқтап, 2014 жылы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетіне PhD докторантурасына түстім.  Үш жыл бойы ғылыми зерттеулер бағыты асинхрондық қозғалтқыш роторының қысқа тұйықталған  орамының зақымдалуына диагностика мен бақылау жасау жүйесін құру болып табылады. Осы тақырып бойынша 9 мақала жарық көрді, оның ішінде 4 мақала ЖАК журналында,  3-і халықаралық конференцияда, бір мақала «Applied Mechanics and Materials» шетелдік журналында және бір мақала Scopus базасына кіретін  «Электроэнергетика» журналында шығарылды.  «Асинхрондық қозғалтқыш роторының қысқа тұйықталған  орамының зақымдалуына диагностика жасау әдісін»  шығаруға №31078  инновациялық патент алынды, Қазақстан Республикасы өнертабыс тізіліміне кіретін 2016 жылғы 16 наурыздағы  №2015/0425.1 өтінім. Сондай-ақ, зерттеу тақырыбы бойынша Рига техникалық университетінде  (Латвия,  Рига қ.)  және «Электромеханика» кафедрасында «МЭИ» ұлттық зерттеушілік университетінде (Ресей Федерациясы, Мәскеу) сынақтан өттім.

Бүкіл ғылыми әрекет кезеңі бойы 21 ғылыми мақала жарық көрді.

Қазақ және ағылшын тілдерін оқу бойынша қосымша курстардан өттім,  IELTS сертификатына иемін.