Смағұлова Қаршыға Қанатқызы Қарағанды қаласында орналасқан дарынды балаларға арналған мамандырылған «Мұрагер» мектебінің түлегі. Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде 3308 «Электр жетегі және технологиялық кешендерді автоматтандыру» мамандығын бітірген. Смағұлова Қ.Қ. Қазақстан Республикасының жоғары білім беру реформасынан кейінгі алғашқы Ph.D докторларының бірі. Қазіргі таңда Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің доценті болып жұмыс істейді және өндірістік процестерді автоматтандыру кафедрасының меңгерушісінің орынбасары қызметің атқаруда.
Смағұлова Қ.Қ. біліктілігі жоғары оқытушы, ғылыми жұмыстардын нәтижесі ретінде оқу құралдары, монографиялар, түрлі электрондық оқыту әдістерінің авторы, жүзден астам ғылыми мақалалары жарық көрген. Докторлық дәрежесің бекітетің «Энергетика және байланыс» диссертациялық кеңесінің ғылыми хатшысы болып тағайындалған.
Қазақстанның жаңа патриоттік бағытын жасау жолында келесі алғыс хаттармен марапатталған «Үздік куратор», «Үздік жас ғалым», «ҚарМТУ-дың 100 үздік әйелдері» сайысының жүлдегері. «ҚарМТУ-ға 60 жыл», «Академик А. Сағыновқа 100 жыл» медальдарымен марапатталған. Смағұлова Қаршыға Қанатқызы 2016 жылы «Үздік оқытушысы» атағына ие болды.