Заң ғылымдарының кандидаты, доцент. 200-ден астам ғылыми еңбектері жарыққа шыққан, олардың қатарында 4 монографиясы, оқу, оқу-методикалық басылымдар, анықтамалық – аналитикалық, сараптамалық қорытындылар, ғылыми мақалалар.
Кәсіби ізденіс бағыттары: Еңбек құқығы, Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы, Конституциялық құқығы, Халықаралық құқығы.
Қызмет бағыты бойынша мемлекеттік қызмет саласында, білім беру – педагогикалық салада, сонымен қатар, ғылыми зерттемелік және құқық қолдану практикасында айтарлықтай тәжірибесі мол маман. Бірнеше жылдар аралығында Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесінің Консультанты, еліміздің Парламентінің Сенатында құқықтық сараптамалық бөлімнің Консультанты, Конституциялық Соттың Кеңесшісі және бас сарапшысы болып қызмет атқарды. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін дайындау, оларға сараптама жүргізу, заңнаманы жетілдіру концепциясын дайындауға қатысты. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Қорына қарасты Әлемдік экономика және саясат Институтында, Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде, Мемлекет және құқық Ғылыми зерттеу институтында заңнамалық актілердің жобаларына сараптама жүргізді. Қазақстан Республикасы Парламентінің, Конституциялық Сотының, Министрліктерінің бастамашылдығымен аналитикалық шолу және ғылыми-құқықтық сараптама жүргізу жұмыстарына тәуелсіз сарапшы ретінде ұзық жылдар бойы қатысып келуде.
И.В. Межибовская халақаралық құжаттарға құқықтық сараптама беру қызметінде ұзақ мерзімдік тәжірибесі бар маман. Еуропалық Сарапшылар Одағы Кеңесшілерімен дайындалған «Қазақстан Республикасында Әлеуметтік сақтандыруды қолдауды іске асыру» жоба бойынша бірнеше жылдар бойы ұлттық сарапшы болып қызмет атқарды. Тәуелсіз сарапшы ретінде Еуразиялық Экономикалық Қауымдастықтың әлеуметтік – экономикалық блогы бойынша дайындалған бірнеше халықаралық шарттарға қатысты – оларға ғылыми-құқықтық сараптама жүргізді, Сорос – Қазақстан Қорының құқықтық бағдарламалары бойынша ресми сарапшысы болды, ұлттық сарапшы – зерттеуші ретінде АҚШ Эмори (Emory University) Атланта зерттеушілік университетінің «Халақаралық қауымдастық, дене бөлшектері мен құрамдас бөліктерін трансплантациялау мәселесі бойынша адамның құқықтары мен коммерциялық сұқпаттастық» тақырыбына және басқа да тақырыптар бойынша халықаралық жобаларды дайындауға қатысты және басқа да халықаралық ұйымдармен біргелікті қызметтер атқарды.
И.В. Межибовская көптеген гранттардың иегері, олардың қатарында - «MacArthur» (АҚШ, Чикаго) қорының гранты, Еуропалық Кеңесшілер Сарапшылары (ЭКО) гранты – Брюссель (Бельгия), Сорос – Қазақстан Қорының «АИВ/ ЖИТС мәселелері – халықаралық стандарттар және Қазақстан Республикасының тәжірибесі негізінде Қазақстан Республикасының
заңнамасына мониторинг жүргізу» жобасы бойынша берілген гранттың иегері. Орталық Еуразиялық Қорының гранты, Финляндия сыртқы істер Министрлігінің гранты, қоғамдық Қор «Аржан» және Ресейлік филиалы Роза Люксембург қорының, басқа да жобалар, тапсырыстар бойынша берілген гранттардың, олардың қатарында – РФ және ҚР Білім және ғылым министрліктерімен бөлінген гранттардың иегері.
Кәсіби қызметінің, білімі мен тәжірибесін жоғары деңгейде қолдануының көрінісі – тәуелсіз баяндамаларды халықаралық ұйымдарда дайындаумен ұштасады.
2015 жылы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым минитрлігінің, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті жанындағы Жастар саясатының өкімдері негізінде ол «Қазақстан Жастары – 2015» Ұлттық әр-жылдық баяндаманы дайындау бойынша құрылған жұмыс тобының құрамында болды Бір мезгілде ол, ғылыми ағартушылық жұмыстарды жүргізе отырып, білім беру қызметін жоғары деңгейде жүргізіп келеді – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ –ның заң факультетінің ассистентінен кафедра мегерушісіне дейінгі лауазымдарда, профессор міндетін атқарушы лауазымдарда қызметін атқарып келеді.
Қазіргі кезде Алматылық Санк-Петербург кәсіподақтық гуманитарлық университетінің филиалында қазмет атқарады.
Мемлекет алдындағы еңбегі, конституциялық заңдылықты күшейту бағытындағы еңбегі үшін Қазақстан Республикасының Президентімен «Қазақстан Республикасына 10 жыл» мерекелік медалімен, «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесімен «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» медалімен марапатталды