Маемеров Мелес Макешұлы, 1940 жылы 17 қарашада Шымкент қаласында дүниеге келдім.
Ұлтым қазақ.
Отбасы құрамым: жұбайым – Маемерова Мария Жұмабайқызы 1942 жылғы. Ұлым – Асқар 1969 жылғы. Қызым – Сабина 1971 жылғы.
1958 жылы жұмысшы жастар мектебін аяқтадым.
1979 жылы ауыл шаруашылығы үрдістерін механикаландыру мамандығы бойынша Еңбек Қызыл Ту орденді Қазақ ауыл шаруашылығы институтын инженер-механик біліктілігін игеріп, сондай-ақ, инженер-экономист біліктілігін игеріп ауыл шаруашылығы өндірісін ұйымдастырушы экономист мамандығын бітірдім.
1956 жылдан 1998 жылға дейін Алматы қаласында кәсіпорындарда болат жəне темір бетонды конструкцияларды монтаждау жөніндегі прораб, шебер, бондар, ағаш шебері, МЧП директоры, «Туыстаст» ассоциациясының президенті, «Ионоозонды технология орталыңының» президенті болып жұмыс істедім.
1975 жылдан бастап ионоозонды технологиямен айналысып келемін, осының нәтижесінде менің элнктронанотехнология бойынша ғылыми бағытым айқындалды. Осы бөлім бойынша 70-тен аса жарияланымдар бар оның ішінде 4 монография, 100 шақты зерттеулер.
1999 жылы 05.18.12 – Астық өнімдерін ионоозонды өңдеу үрдістері мен аппараттары мамандығы бойынша техникалық ғылымдар кандидаты ғылыми атағы берілді.
2006 жылы тамақ өнімдері технологиясы мамандығы бойынша доцент ғылыми атағын иелендім.
2010 жылы 05.18.01 – Дәнді, бұршақты дақылдарды, жарма өнімдерін, жемісті-көкөністі өнімдерді жəне жүзім шаруашылығын өңдеу, сақтау жəне қайта өңдеу технологиясы мамандығы бойынша техникалық ғылымдар докторы ғылыми атағын алдым.
1998 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Алматы технологиялық университетінде оқытушы қызметін атқарудамын, «Қайта өңдеу өндірісі астық өнімдері өндірісінің технологиясы» кафедрасының профессоры, сонымен қатар ҚөӨжИӨ ИТ ҒЗЗ-НЫҢ меңгерушісімін.