By Мамырбаев Арстан Абдраманович on 01.04.2016
Category: Дополнительные материалы

Өмірбаян

Мамырбаев Арстан Абдраманұлы

Мамырбаев Арстан Абдраманұлы Ақтөбе қаласында туып өскен. Ақтөбе мемлекеттік медицина институтының емдеу ісі факультетін үздік бітірді, Лениндік стипендиат. 1973-1976 жж. – ҚазССРО ДСМ (Алматы қ.) өлкелік патология ҒЗИ аспиранты. 1977-1985 жылдары – ССРО МҒА Қазақ тағамтану институты филиалының кіші, кейін аға ғылыми қызметкері. 1986-1995 жылдары ҚазССРО ДСМ өлкелік патология ҒЗИ ғылыми жұмысы бойынша директордың орынбасары, әрі сол институттың токсикология бөлімінің меңгерушісі міндетін атқарды. 1996-1998 жылдары – ҚР Ғылыми академиясының Ғылым Министрлігі Басқарманың басшысы. Оң жылдан аса (2003 жылдан бері) ҚР ДСМ “Еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар Ұлттық орталығы” Батыс Қазақстан филиалын басқарып келеді. Қазіргі уақытта, М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің коммуналдық гигиена, еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар кафедрасының жетекшісі.

Кандидаттық және докторлық диссертациясы Москва қаласында қорғалды. ССРО Жоғарғы аттестациялық комиссиясының аға ғылыми қызметкері және “Гигиена” – 14.00.17 мамандығы бойынша профессор атағы бекітілді. Республика және ТМД мемлекеттерінің гигиенист ғалымы Арстан Абдраманұлы халықаралық  информатизация Академиясының академигі болып сайланды.

Мамырбаев А.А. барлық ғылыми жұмысы гигиена ғылымының өзекті мәселелеріне арналды. ТКЖҒЗ және ҒТБ 13-ші  ҒЗЖ орындалуына ғылыми жетекшісі, атқарушысы және міндетті атқарушы ретінде қатысты. Ғалым қызметінің әртүрлі негіздегі бағыты – қазіргі қоғамымыздағы әлеуметтік  мәселелерді гигиенаның дамуымен байланыстыра білуі, мемлекетіміздің санитарлық-эпидемиологияық қызметі практикасында ғылыми жетістіктерінің қолданыс таба білуі. Көп жылдар бойы (1993-1995 жж.) ҚР ЖАК (жоғарғы аттестациялық комиссиясының) медицина мамандығы бойынша Эксперттік Кеңесінің мүшесі. 10 жыл аралығында ҚР Денсаулық сақтау Министрлігі жанындағы гигиеналық регламентизация, химиялық және биологиялық заттардың стандартизациясы Комитеті, ҚР Денсаулық сақтау Комитеті және ҚР Денсаулық сақтау Агенттігі төрағасының орынбасары міндетін атқарды. ҚССРО ДСМ гигиеналық  пәндер мәселелік комиссиясының төрағасы қызметін атқарды. Диссертациялық Ғылыми Кеңестің және ғылыми журналдар (“Еңбек гигиенасы және медициналық экология”, “Гигиена, эпидемиология және иммунобиология”, “Батыс Қазақстан Медицина журналы”) редакциясының мүшесі. 250 ғылыми жұмыстың авторы, онын ішінде 7 монография, 2 оқулық. Оның жүргізген зерттеулері Қазақстанның қолайсыз техногендік қатынастағы облыстардың экологиялық-токсикологиялық баға беру мәселелеріне, сонымен қатар, ересек және балалар тұрғындары денсаулығын сараптауға бағытталды.

Зерттеулерінің негізгі бағыты – тірі организмге химиялық және биологиялық заттардың токсикалық әсерін анықтау жатты. Адам гомеостазын зерттеуде әдістемелік тәсілмен мембраналық және хромосомалық құрылымын, цитогенетикалық және психофизиологиялық жағдайын анықтауда, интоксикациялық ауыр металллдардың даму механизмін іргелі ғылыми негізде жүргізу және адамның дисадаптациялық және нозологияға дейінгі формаларын алдын алу және коррекциялау әдістерін негіздеу болып табылады.

А. Мамырбаевтың алғашқы бастауымен республикада өндірістік токсикологиялық зерттеулері жүргізілді, соған орай, осы салада ондаған іргелі мақалалары ССРО ДСМ және Қаз СССР-мен жумыс аймағы ауасында 17 жаңа химиялық заттардың (композиция) гигиеналық нормативтері куәландырылып, бекітілді. Оның жетекшілігімен 17 кандидатық, 3 докторлық диссертация қорғалды, қазіргі кезде магистранттар мен PhD – докторанттар дайындауда белсенді үлесін қосуда. Thomson Reuters, Web of Knowledge, Scopus және т.б. жоғарғы ғылыми сапада куәландырылатын индекстелген халықаралық ғылыми базада 50  астам ғылыми еңбектері жарияланды.

А. Мамырбаевтың көпжылдық еңбегі жастармен жұмыс жүргізумен қатар жүрді. Оның бастамасымен құрылған Коммуналдық гигиена, еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар кафедрасы – мамандар, бакалавриаттар, магистранттар, докторанттар дайындауда, сонымен қатар, санитарлық дәрігерлер мен кәсібипатолог-дәрігерлер қайта даярлау мен тақырыптық білім жетілдіру циклдарын жүргізуде белсенді іс атқаруда. Шынайы ғалым–маман, тамаша педагог жастарға білім және өз тәжірибесін толығынан беруде. Жарқын тұлға, тек шығармашылық әлеуетімен ғана емес, сонымен қатар, азаматтық ұстанымымен, өмір сүйгіштігімен және мейірімімен ол өз әріптестерінің арасында құрмет пен сенімге лайық. Жинақталған өмірлік тәжірибесі, оптимизмі, кәсіби білімі – А. Мамырбаевтың қазіргі қоғамдық өмірдің эпиорталығында болуға және халық денсаулығын нығайтуда өз септігін тигізуде, сонымен қатар, еліміздің көркеюіне өз үлесін қосуда.

Ғылыми-педагогикалық табысты қызметіне орай: «В.И. Лениннің 100 жылдығына» Мерейтойлық медалімен, «Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан даңқы» мемлекеттік медалімен марапатталды.