By Арыстан Ибатолла Дайырұлы on 23.12.2015
Category: Дополнительные материалы

Өмірбаян

Арыстан Ибатолла Дайырұлы 1939 жылдың 15 желтоқсанында Ақмола облысының Ақсу кентінде дүниеге келді. 1961 жылы Қарағанды политехникалық институтын «кен инженері» мамандығы бойынша бітіріп шықты. 1961-1965 жылдары КҒЗКИ -де істеді, ал 1965 жылдан 1967 жылға дейін КазПТИ-дің мақсатты аспирантурасында оқып, кандидаттық диссертация қорғады.

1967 жылдан осы уақытқа дейін Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің «Кенбайлық орындарын казып - өндіру» кафедрасында үзіліссіз жмыс істеп келеді.

Қазіргі таңда осы кафедраның профессоры және Тау-кен институтының директоры. Ибадолла Дайырұлының барлық ғылыми-ағартушылық, тәрбиелік және қоғамдық қызметтері 50 жылдан аса ҚарМТУ-мен байланысты.

Ғылыми еңбектері көмір және руда кенорындарын жерасты казып-өндіруге қажетті жаңа технологиялық схемаларды, терең горизонттардағы геомеханикалық процессетрді зерттеуге арналған. Ол мемлекеттік тілде жазылған 4 оқулықтың, 7 оқу құралының,өндірістің әртүрлі саласы бойынша үш тілде (қазақша- орысша- ағылшынша) құрастырылған техникалық терминдердің 4 сөздігінің, брошюралар мен 3 монографияның, 150 ғылыми мақалалар мен 11 авторлық куәліктердің және екі патенттің авторы.

1989 жылдан осы уақытка дейің Университетте құрылган «Қазақ тілі» қоғамы мен Тілдер жөніндегі Комитеттің Төрағасы бола жүріп, техникалық пәндердің мемлекет тілінде оқытылуын дамытуға үлкен үлес қосып келеді.

Халықаралық Ақпараттандыру академиясының академигі, Білім және ғылым қызметкерлері облыстық кәсіподағы Пленумының мүшесі.

Жемісті еңбегі үшін Арыстан И.Д. «Парасат» орденімен, «Ерен еңбегі үшін», «Еңбек ардагері) медальдарымен, «ҚР білімінің озаты» белгісімен марапатталған, «Білім беру ісінің құрметті қызметкері», «Кұрметті шахтер» «ҚарМТУ-дің еңбегі сіңген қызметкері» атақтары берілген.