By Кульмамиров Серик Алгожаевич on 11.12.2015
Category: Дополнительные материалы

Өмірбаян

Құлмамыров Серік Алғожаұлы

Құлмамыров Серік Алғожаұлы, 1956 жылдың 26 мамыр айында Алматы облысында Шелек ауданындағы Қорам ауылында дүниеге келдім. Ұлтым қазақ.

Отбасы жағдайым: үйленгенмин, екі бала тәрбиеледік, әйелім Құлмамырова Рабиға Мүсәліқызы - 1962 жылы туылған; қызым Маржан - 1985 ж. т.; ұлым Мәлік - 1989 ж.т.

1963 - 1973 жылдары 10-жылдық Алматыдағы № 2 мектеп-интернатта оқығанмын.

1973 – 1978 жылдары Қазақ политехника институттың Автоматика және басқару жүйесі факультетінің Автоматика және телемеханика кафедрасында студент болдым. Институтты табысты аяқтап инженер-электрик мамандығы бойынша диплом алдым. Содан соң 1980 жылға дейін КСРО Қарулы күштер қатарында әскер қызмет міндетімді атқардым.

1980 - 1986 жылдары Қазақ политехникалық институтында кіші ғылыми маман лауазымында жұмыс істедім. 1987 жылдан 2 жылға Қазақстан жоғары білім министрлігінің жолдауымен Мәскеу энергетикалық институтында автоматика саласында стажер-зерттеуші қызметін атқардым.

Тағылымдама нәтижелері бойынша ғылыми зерттеулердің сәтті аяқталуына байланысты Мәскеу энергетика институтында автоматтандырылған жүйелер бойынша аспирантураға оқуға түстім. 1991 жылы МЭИ ғалымдар кеңесінде "Зерттеуші басқаратын АЖО жүйелерін әзірлеу" тақырыбы бойынша кандидаттық диссертация қорғадым.

Содан кейін Қазақ политехника институтында 1991 - 1995 жылдары Автоматика және телемеханика кафедрасында аға оқытушы болып жұмыс істедім.

1995 - 1999 жылдары ҚР Инженерлік академиясының ғылыми-техникалық инженерлік орталығында жұмыс істедім. Академияның құрамында жеңіл өнеркәсіпте алғашқы құрылған Тауар ЖШС қатыстым, Қазақстанда тұңғыш рет тауар сертификаттайтын зертханалар мен орталықтар ашылуна қатыстым, халық тұтынатын тауарларды сертификаттау жөніндегі орталықтарда қызмет атқардым.

2000 жылдан бастап Экономика, индустрия, көлік және коммуникация Министрлігінің құрылымына ауыстым. Мемлекеттік ақпарат орталығында, Госстандарт мекемесінде бас маман, бөлім және басқарма бастығы, директордың орынбасары және халықаралық стандарттармен тауарларды сертификаттау басшылығы лауазымдарында жұмыс жасадым.

2001 жылы ҚР Ұлттық банкінің «Ұлттық ақпараттық технологиялар» ЖАҚ жұмысқа шақырылдым, қоғамның бас маманы, бөлім бастығы, директор лауазымдарында қызмет атқардым.

2007 жылдан бастап ҚР білім және ғылым Министрлігіндегі "Мемлекеттік білім беру стандарттары мен тестілеу" ұлттық орталығында қызметін істедім. ҚР білім және ғылым Министрлігінің "Орталық телекоммуникациялық түйін желісі" ғылыми-әдістемелік зертхана меңгерушісі қызметін атқардым.

2008 жылдан бастап Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде автоматтандыру және басқару кафедрасының доценті лауазымында жұмыс істей бастадым. Қазіргі уақытқа дейін аталмыш университетте жұмыс істеп келемін.

Өзімнің біліктілігімді жылма-жыл қолдап келемін, мынадай ғылыми бағыттарда зерттеуллердің жұмыстарын орындаудамын: ақпараттық жүйелер мен технологиялар, радиотехника, электроника және телекоммуникациялар, ақпаратты қорғау мен оның қауіпсіздігі, автоматтандыру және басқару теориясы, есептеу техникасы және оларды бағдарламалық қамтамасыз ету. Өз мамандығым бойынша жұмыс істеуге қатысты замануи бағдарламалар мен жобаларды жасау мен оларға қатысуды «хобби» әуесқойлық дағдыға айналдырғаным ұнайды.