Кенже Лазарь Сатымұлы 23 наурызда 1941 жылы Орал облысының Казталовка ауданы Казталовка ауылында дүниеге келдім. 1959 жылы мектепті жақсы бітіргенен кейін Алма-Аталық зооветеринарлы институтына зоотехник мамандығына оқуға түстім. 1964 жылы институтты бітіргенен кейін ҒА ҚазССР экспериментальды биология институтына «Түраралық гибридизация» бөліміне кіші ғылыми қызметкер ретінде жіберілдім.
1966 жылы жанұялық жағдайлармен ғылыми-зерттеу жұмысын тастауға мәжбүр болып, Орал облысының Казталовка ауданында мамандығым бойынша практикалық жұмысты жалғастырдым. 1966 жылдан 1969 жылдары Райсельхозбасқармасында зоотехник, селекционер, Казталовка ауданының Қараубин кеңшарының бас зоотехникі болып жұмыс істедім. Аудандық кеңшар басқармасының бағыты бойынша 1969-1971 жылы Оралдық кеңшартехникумда оқытушы болдым, онда 1971 жылға дейін еңбек еттім.
1971 жылы байқау бойынша ҚазҰЗИ жайлау-жайылым шаруашылығының ВО ВАСХНИЛ жайылымдарды пайдалану бөліміне кіші ғылыми қызметкер мансабына өтім, онда 1986 жылға дейін қызмет еттім. Ғылыми зерттеулерді Павлодар облысының Краснокутск ауданының Қазанның 25-жылдығы атындағы Павлодар тәжірибелі шаруашылықта жүргіздім. Ғылыми-зерттеу жұмысының қорытындысы бойынша 1978 жылы ауылшаруашылық ғылымының кандидаты ғылыми дәрежесіне кандидаттық диссертациямды қорғадым. 1982 жылы ВАК СССР жоғары ғылыми қызметкері ғылыми атағына ие болдым. 1986 жылы байқау бойынша «Ауылшаруашылық өндірісін басқару және ұйымдастыру» кафедрасының доценті мансабына өтім. СССР Госкомитетінің халықтық білімі бойынша ғылыми-әдістемелік дайындаудың қорытындысы бойынша «Ауылшаруашылық өндірісін басқару және ұйымдастыру» кафедрасының доценті ғылыми атағын алдым.
Мұғалімдік жұмысқа ауысқанан кейін, мен КазҰЗИ жайлау-жайылым шаруашылығының қызметкерлерімен бірге ғылыми-зерттеу жұмыстарын жалғастырдым. 26 жылдық ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижесі бойынша 2004 жылы докторлық диссертация қорғалды және 21 сәуір 2005 жылы ауылшаруашылық ғылымының докторы ғылыми атағына ие болдым. 2013 жылы Халықаралық Ақпараттандуры Академиясының академигі атағына ие болды. Ғылыми-зерттеу жұмысының 1971 жылдан 2015 жылға дейінгі кезең бойынша 102 астам ғылыми мақалалар және әдістемелік нұсқаулар, монографиялар, 3 оқу құралы жарияланған. Қазіргі уақытта мен ғылым докторы, Қазақ Ұлттық аграрлы университетінің «Экономика және қаржы» кафедрасының профессоры болып келемін. Үйленгенмін және 3 балам мен 4 немерем бар.