Бегембеков Қырғызбай Нұрғазыұлы
Қызметкер жөнінде қысқаша мәлімет және оның негізгі жетістіктері: 1956 ж.т., 1979 ж. Алматы зооветеринарлық институтын қызыл дипломмен «зоотехния» мамандығы бойынша бітірген соң институтқа ғылыми-педагогикалық жұмысқа қалдырылған. Еңбек өтілі 42 жыл, оның ішінде ғылыми-педагогикалық – 37 жыл. 1987 ж – кандидаттық, ал 2010 ж – докторлық диссертациясын 06.02.01.- «ауылшаруашылығы малын өсіру, олардың селекциясы, генетикасы және көбеюі» мамандығы бойынша қорғаған. 200-ге тарта ғылыми және оқу-әдістемелік еңбектердің, нұсқаулықтардың, патенттердің, оның ішінде қазақ тілінде тұңғыш жазылған «Мал өсіру және селекция», «Ғылыми зерттеу әдістемесі», «Ғылыми зерттеулер әдіснамасы», «Мал селекциясы» оқулықтары мен оқу құралдарының авторы. Мал тұқымдарын шығару мен жетілдіру саласында жүргізетін ғылыми-зерттеулері табысты, дегерес құйрықты қойы тұқымының, аймақтық сүлесінің және 3 зауыттық аталық ізінің авторы. «ҚР ЖОО үздік оқытушысы», «Алматы облысы Панфилов ауданының Құрметті азаматы», «Еңбек ардагері», Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі.
Ғылыми және оқу-әдістемелік еңбектерінің негізгілері:
- Эффективность различных вариантов скрещивания казахских курдючных грубошерстных маток с дегересскими полутонкорунными баранами. Дисс. канд. с\х. наук.Алма-Ата, 1987.-140 с.
- Мал өсіру және селекция пәнінің практикумы. Алматы, “Агроуниверситет”, 1998. -181 б.
- Мал өсіру және селекция пәнінен курстық жоба жасауға арналған оқу- әдістемелік құрал. А, 2006, 36 б.
- Совершенствование дегересской курдючной породы овец в условиях Центрального Казахстана. (Рекомендации). Алматы, 2006, 55 с.
- Мал өсіру және селекция. Оқулық. Алматы:“Бастау”, 2006, 592 б.
- Ғылыми зерттеу әдістемесі (оқу- әдістемелік құрал). “АКЭ ж ААДҒЗЕИИ”. Алматы, 2006, 22 б.
- Орталық Қазақстанда дегерес қойын шығару, өсіру және жетілдіру әдістерінің ғылыми-тәжірибелік негіздері. Докторлық диссертация. Алматы, 2010, 283 б.
- Қазақстанда мал өнімдерін өндіруге жұмсалатын азық мөлшерін жоспарлау//Оқу құралы. А, 2011. 136 б.
- Сүтті ірі қара малдың асылтұқымдық құндылығын бағалау (нұсқаулық). Алматы, 2011, 13 б.
- Оценка племенной ценности КРС молочного направления продуктивности (инструкция). А, 2011, -С.13
- Сиырларды дене құрылымына қарай жіктеу және аталық бұқаның экстерьерлік сызықтық кескінін салу (нұсқаулық). Алматы, 2011, 14 б.
- Классификация коров по типу телосложения и построение линейного профиля быка-производителя (инструкция). Алматы, 2011, -С.14
- Сүтті ірі қараның дене құрылымын бағалау (нұсқаулық). Алматы, 2011,16 б.
- Оценка телосложения молочного скота (инструкция). Алматы, 2011, -С.16
- Ақтоғай қойы. Монография. Алматы. ТОО «Издательство ”Бастау”», 2012, -180 б.
- Дегересские овцы Центрального Казахстана. Монография. Алматы, 2012, -С.96
- Мал өсіру және селекция. Оқулық. Алматы: “Идан”, 2012, 403 б.
- Современные аспекты племенной работы в скотоводстве/Уч.пособие. Астана, 2012. –С.203
- Мал селекциясы /Практикум. Алматы, 2013. 178 б.
- Ғылыми зерттеулер әдіснамасы. Оқулық. Алматы. 2013. 208 б.