Утепқалиев Серік Утепқалиұлы, 29 қараша 1952 жылы, Гурьев облысы, Теңіз ауданы, Утера ауылында (облысында, ауданында, ауылында), қолхозшы отбасында дүниеге келді. 1961 жылы Утера ауылындағыорта мектепке түсіп, 1970 жылы Сафон ауылындағы Ф.Энгельс. орта мектепті бітіріп, 1970 жылы Гурьев педагогикалық институтының физика-математика факультетіне күндізгі бөлімге түсті. Жоғарғы оқу орынын 1974 жылы «Математика мұғалімі» мамандығы бойынша үздік дипломмен бітіріп шықты. Ол институтта «Лениндік степендия» иегері болып кәсіби білім алды.
1974 жылы Гурьев қаласындағы Мұнай және табиғи газдар ғылыми-зерттеу институтына жұмысқа орналасты. 1974-1976 жылдары ҚазССР Ғылым Академиясының Герьев химия және табиғи тұздар институтында кіші ғылыми қызметкер болып жұмыс жасап, осы жылдары Москва қаласындағы ССРО Ғылым Академиясының ИНЭОС-да ғылыми тәжірибеде болды.
1976-1977 жылдары Атырау қаласындағы №13 орта мектепте математика пәнінен дәріс берді.
1977 жылдан бастап, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде аға оқытушы, алгебра және геометрия кафедрасының доценті, қазіргі таңда «Математика және математиканы оқыту әдістемесі» кафедрасының профессоры лауазымын атқарып келеді.
1986-1989 жылдары Серік Утепқалиұлы Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) қаласындағы А.Д.Герцен атындағы университет жанындағы аспирантурада оқыды.
1998 жылы Серік Утепқалиұлы Ресей Білім Академиясы жанындағы арнайы
диссертациялық кеңесте "Оқушыларды өздігімен тексті есептер шығаруға үйрету әдістемесі" тақырыптағы диссертациялық еңбегін қорғап, оған Ресей жоғары аттестациялық комиссиясының шешімімен, кейін Қазақстан жоғары аттестациялық комиссиясының шешімімен педагогикалық ғылымдар кандидаты атағы берілді. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің профессоры және Ресей Жаратылыстану Академиясының профессоры.
Серік Утепқалиұлы Атырау қаласының, университеттің қоғамдық жұмыстарына
белсене араласып келеді, аймақтық сайлау комиссиясының мүшесі, 1993 - 1996 жылдары физика-математика факультетінің, 1998-2000 жылдары сырттай оқыту факультетінің декан орынбасары, бірнеше жылдар бойы қабылдау комиссиясының жауапты хатшы, физика – математика факультетінің деканы қызметін атқарды.
Серік Утепқалиұлы 2 оқулық, 5 көмекші-оқу құралының авторы, қазіргі таңда оның
110-ден астам ғылыми-әдістемелік мақалалары отандық және шетел баспаларында жарияланды.
Утепқалиев Серік Утепқалиұлы ҚР Білім және ғылым министрінің Құрмет
грамотасымен, бірнеше рет облыстық және қалалық әкімшіліктің Құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен, «Білім беру лидері», «Халық ұғалімі» медальдарымен марапатталды, Халықаралық «Үздік тәлімгер» байқауының I-дәрежелі «Үздік педагог-тәлімгер» номинациясының иегері, Ресей Жаратылыстану Академиясының «Ғылым және білім берудің еңбегі сіңген қызметкері» атағына ие болды, «Европалық сапа» алтын медалінің, «Исаак Ньютон атындағы» алтын медалінің, «В.И.Вернадский атындағы» алтын медалінің иегері, «Математика», Дайындық курс тыңдаушыларына арналған – қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде, кітабы «BOOKEXPO AMERICA 2019» халықаралық көрмеде арнайы каталогқа еніп, сертификатқа және «BOOKEXPO AMERICA алтын медалімен», «Қазақстанның үздік ұстазы» орденімен, «Халел Досмұхамедов атындағы» алтын медалімен, грамотой «Обьединение профсоюза работноков образования и науки РК», золотой медалью РАЕ «За новаторскую работу в области высшего образования», золотой медалью «За верность традициям отечественного образования» РАЕ, «ТМД үздік педагог - 2022», «ҚР жылдың үздік маманы - 2022», «Ахмет Байтурсынов» алтын медалімен марапатталды.
Серік Утепқалиұлы «Халықаралық Ғылыми-Ақпараттық Академиясының» академигі.
Серік Утепқалиұлы 2 ұл, 2 қыз тәрбиелеп, немере-жиендерінің құрметті атасы.