By Мауленов Алмасбек Аныкбекович on 31.07.2023
Category: Дополнительные материалы

Өмірбаян

Филология ғылымдарының докторы, қауым. профессор Алмасбек Анықбекұлы Мауленов әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы Абай ғылыми-зерттеу инситутында 2017 жылдың 1 қыркүйегінен бастап жетекші ғылыми қызметкері болып еңбек атқарды.  Осы институтта Абай Құнанбаевтың 50 томдық шығармалар жинағын шығаруға және Абай шығармашылығын насихаттау мақсатында ЖОО, орта мектептер мен гимназиялардың мұғалімдеріне арналған «Абайтану» ғылыми-әдістемелік семинарларын өткізді.

Филология ғылымдарының докторы А.А. Мауленов 2018 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Жамбыл атындағы «Қазақ фольклоры мен әдебиетін ғылыми-зерттеу орталығының» жетекшісі қызметіне тағайындалды. Сонымен бірге қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының доценті.

Алмасбек Анықбекұлы Мауленов 1965 жылы 18 тамызда дүниеге келген. 1988 жылы  әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің  филология  факультетіне түсіп, 1993 жылы филолог, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы мамандығын алып шыққан. 1997-2000 жылға дейін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті  аспирантурасының күндізгі оқу бөлімінде оқыды. 2002 жылы «Қазақ прозасындағы аңыздар мен мифтердің көркемдік қызметі» атты тақырыпта кандидаттық диссертациясын қорғады. 

2001-2016 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы  ҰҚК органдарында Тіл дайындығы арнайы факультетінде аға оқытушы қызметінен кафедра бастығына дейінгі қызметтер атқарды.  2011 жылы ҚР ҰҚК  Академиясы шеңберінде өткен «Академияның үздік оқытушысы» байқауының жеңімпазы.

А.А.Мауленов жоғары оқулегінің бакалавриатында, магистратурасында және докторантурасында «Әдебиеттану» пәні бойынша дәрістік және семинар сабақтарын оқытудың дәстүрлі нысандарымен қатар жаңа инновациялық формаларды қолдана отырып, жоғары әдістемелік деңгейде өткізеді.

Алмасбек Мауленов ғылыми және оқу-әдістемелік жұмыстарын нәтижелі атқарды. «Қазақ прозасындағы мифтік-аңыздық қолданыс», «Фольклор және түркі халықтары әдебиетіндегі мифологиялық парадигма» және «Фольклор и мифология в литературе тюркоязычных  народов» атты ғылыми монографиялары, 4 оқу құралы жарық көріп, 100-ден аса ғылыми мақалалары республикалық, халықаралық ғылыми-практикалық және әдістемелік конференцияларда жарияланып, үлкен жетістіктерге жетті.

2015 жылы қараша айының 27-де Жүсіп Баласағұн атындағы Қырғыз Ұлттық университеті және ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының Ш.Айтматов атындағы Тіл, әдебиет және өнер институты жанындағы диссертациялық кеңесінде «Фольклор и мифологическая парадигма в литературе тюркоязычных народов» атты тақырыпта докторлық диссертациясын сәтті қорғады.

Түркология саласындағы 2021 жылғы аса зор жетістіктері үшін «Күлтегін» атындағы сыйлықтың иегері

 Алмасбек Анықбекұлы Мауленов 2021 жылдың   1 қазаннан бастап Жамбыл атындағы «Қазақ фольклоры мен әдебиетін ғылыми-зерттеу орталығының» директоры