Оспанова Жанар Мыктибековна
Туған күні: 1977 жылғы 23 шілде,
Туған жері: ОҚО
Білімі:
2000 жылы Х.А. Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті Емдеу ісі (жалпы практика дәрігері)
2002 жылы, Х. А. Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті Интернатура (терапевт)
2009 жылы, Мирас университеті Менеджмент (Менеджмент магистрі)
2018 жылы, корпоративтік басқаруды енгізу және МӘМС туралы жаттықтырушы. Орталықтардың жұмысын ұйымдастырудың халықаралық тәжірибесін зерттеу бойынша үйлестіруші (Оңтүстік Корея 2018)
2019 жылы, Халықаралық Ақпараттандыру Академиясы (ақпараттандыру академигі)
2020 жылы, НАРХОЗ университеті. Іскерлік әкімшілендіру докторы
Жұмыс тәжірибесі:
2009-2010 жылдары ОҚО Шардара аудандық орталық емханасында терапевт дәрігер.
2010-2013 жылдары ОҚО Шардара аудандық орталық емханасында бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары.
2013-2017 жылдары ОҚО Шардара аудандық орталық емханасының бас дәрігері.
2017-2019 жылдары ОҚО Шардара аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері.
16.04.2019 жылдан бастап Түркістан облысының ҚДБ МСАК қызметтері бойынша штаттан тыс үйлестірушісі, Түркістан облысы ҚДБ корпоративтік басқаруды енгізу бойынша штаттан тыс үйлестірушісі.
2018 жылғы 10 мамырдан бастап Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 10 мамырдағы № 239 "МСАК үздік практикалар орталықтарын құру туралы" бұйрығына сәйкес ҚДБ Түркістан қалалық емханасы жанындағы "үздік практикалар орталығының" басшысы болып тағайындалды.
2019-2020 жылдары Түркістан қалалық емханасының бас дәрігері.
2020-2021 жылдары алғашқы медициналық-санитарлық көмек «Салауатты Астана» ЖШС клиникасының директоры.
2021-2022 жылдары Меркі аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері.
2022 жылдың 12 қазанынан бастап Жамбыл облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының басшысы.
16.08.2019 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін "Primary Health Care "Ұлттық қауымдастығы" жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар бірлестігінің мүшесі болып табылады». Сол жылы Түркістан облысы бойынша "Primary Health Care "Ұлттық қауымдастығы" жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар бірлестігін басқарды. 2019 жылдың желтоқсан айында МӘМС форумы аясында "Жылдың үздік емханасы" атағы берілді»
Марапаттар:
2022 жылы "Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін" төсбелгісімен марапатталды.
2018 жылы "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталды.
2018 жылы "Облысқа сіңірген еңбегі үшін"медалімен марапатталды.
2018 жылы "Денсаулық сақтау ісінің үздігі" төсбелгісімен марапатталды.
2016 жылы "Денсаулық сақтау ісінің үздігі" төсбелгісімен марапатталған.
Желінің негізгі міндеті-алғашқы медициналық-санитариялық көмектің қадамдық қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету, қала мен ауылдың тіркелген тұрғындары үшін медициналық қызметтер сервисінің жоғары деңгейі болып табылады.
Отбасылық жағдайы:
Күйеуі отставкадағы Подполковник. Екі қыз және екі ұлы бар. Үлкен қызы Eastern Mediterranean University студенті.