By Толемисова Арай Магауияновна on 11.04.2023
Category: Дополнительные материалы

Өмірбаян

Толемисова Арай Магауияновна, Алматы қаласында 1970 жылы наурыздың 28-ші жұлдызында дүниеге келген, ұлтым қазақ.

Семей облысы, Урджар ауданынның Абай атындағы орта мектебін 1987 жылы аяқтадым.

Мектеп бітірген соң Қарағанды мемлекеттік медиицналық институтқа санитария-гигиена факультетіне оқуға түстім.

Институтты сәтті аяқтағаннан соң сол инститтың  жалпы гигиена кафедрасыда аға лаборант қызметінде жұмысқа қалдырылдым, 3 айдан соң ассистент қызметіне ауыстырылдым.

Аймақтық патология ғылыми-зерттеу институтында (қазыргі таңда Гигиена және эпидемиологи Ғылыми орталығы) 1995 жылдан бастап 1998 жылға дейін аспирантурада күндізгі бөлімде оқыдым. Оқып жүріп әуе көлігі СЭҚ санитарлы дәрігер қызметін атқардым.

Алматы мемлекеттік дәрігерлерді қайта даярлау институтында 1998 жылдан бастап 2001 жылға дейін жалпы гигиена кафедрасында ассистент,одан кеәін доцент қызметінде жұмыс атқардым.

Атырау қаласының нефть және газ институтында 2001 жылдан бастап 2003 дейін қолданбалы экология және балық шаруашылығы кафедрасында бастапқыда доцент қызметінде, одан кейін 2002 жылдан бастап профессор қызметін атқардым. Осы жылы қызмет атқарған институттың академиялық профессоры атағына ие болдым.

С.Д.Асфендиярова Қазақ ұлттық медицина университетінде 2003 жылдан бастап 2006 жылға жалпы гигиена және экология кафедрасында доцент қызметін атқардым.

Алматы мемлекеттік дәрігерлерді қайта даярлау институтында 2006 жылдың қазан айынан жұмысымды жалғастырдым, 2008 жылдың сәуір айынан гигиена және медициналық экология кафедрасында доцент қызметінде, 2010 жылдың қараша айына дейін аспирантура, резидентура, магистратура және докторантура бөлімінің меңгерушісі қызметінде, ал осы жылдың қараша айынан бастап 2011 жылдың желтоқсанына дейін оқу-әдістемелік жұмысы бойынша проректоры қызметін атқардым.

2012 жылдың қаңтарында С.Д.Асфендиярова Қазақ ұлттық медицина университетінде Үздіксіз білім беру орталығында (қазыргі таңда – Дипломнан кейінгі білім институты) гигиена және медициналық экология кафедрасын ұйымдастырдым.

2016 жылы өзімнің жеке Халықаралық дипломнан кейінгі білім беру институтын аштым. 2021 жылдың ақпан айынан бастап Ғылыми-зерттеу Халықаралық дипломнан кейінгі білім беру институты болып өзгертілді. Бүгінгі күнге дейін осы институттың ректоры қызметін атқарып келемін. Онымен қатар, «LifeMed Holding» және профессорлық ұжым кеңес беретін Клиника «МИПО» компанияларының негізін қалаушысы, директорымын

 

14.00.07. – Гигиена мамандығы бойынша 1999 жылы кандидаттық диссертациямды «Мышьяк пен кадмийдің біріккен әрекеті және сульфат ионының қорғаныш рөлі». 2001 жылы доцент дәрежесін алдым.

2009 жылы докторлық диссертациямды (14.00.07. – Гигиена) «Экологиялық қолайсыз елді мекендердегі балалар мен жасөспірімдердің дене бітімдерінің даму ерекшеліктері» тақырыбына қорғадым, ал 2010 жылы профессор атағымен марапатталдым. Менің қолдауыммен ғылым кандидаты ғылыми дәрежесінде 3 оқушым диссертацияларын дайындап сәтті қорғап шықты. 

«Жалпы гигиена» және «Денсаулық сақтауды ұйымдастыру» мамандықтары бойынша жоғарғы категория мен маман сертификаты бар.

Мен 120-дан астам ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың, оның ішінде 2 монографияның, 12 әдістемелік нұсқаулардың, ғылыми мақалалардың авторымын. «Гигиена және эпидемиология» мамандығы бойынша мамандардың біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды жүзеге асыратын ұйымдар үшін ЖСДО және қосымша білім берудің типтік бағдарламаларын дайындауға қатысты.

«Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын реформалау мен дамытудың 2005-2006 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына» сәйкес санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталықтарының қызметін ұйымдастыруға, денсаулық сақтауды қамтамасыз ету саласындағы нормативтік құқықтық актілерді үйлестіруге қатысты. халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы және ДСҰ талаптарына сәйкес техникалық реттеу

Награждена значком «Денсаулық сақтау ісінің үздігі», Почетными Грамотами Министра здравоохранения РК, АГИУВ, КазНМУ, профсоюза. Медаль «Қазақстан Республикасы халқының денсаулық сақтау ісіне сіңірген айрықша еңбегі үшін». Медаль «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі». (Отличник здравоохранения, 2010). Медаль «Қазақстан Республикасы халқының денсаулық сақтау ісіне сіңірген айрықша еңбегі үшін». Звание «Золотой кафедры России» присужденной Президиум Российской академии естествознания (2013г.). Нагрудный знак «Почетный гражданин стран таможенного союза» (2015) Международный организационный комитет по общественным наградам и званиям. Медаль «Еңбек қайраткері (2016). Нагрудной знак «Алтын дәрігер» (2020). Нагрудной знак «Верность профессии» (2020). Медаль «Чуткое сердце» (2020). Орден «Гиппократ» (2021). Медаль «Ереулі еңбегі үшін» (2021). «Лучшие женщины Казахстана» (2021)

Мен басқаратын Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының гигиена және эпидемиология кафедрасында мемлекеттік және орыс тілдерінде оқу-әдістемелік құжаттаманы әзірлеу және оның қызметін қамтамасыз ету бойынша ауқымды жұмыстар атқарылды.

Мен бірлескен авторлықта тағы да «Гигиена және эпидемиология» мамандығы бойынша 30-дан астам тармаққа арналған UMCS толық жинағын құрастырдым.

Кәсіби міндеттерімен қатар АМДБЖИ және ДКИ қоғамдық өміріне де белсене араластым. 2009-2010 жылдары АМДБЖИ профсоюз төрайымы болдым. 2021 жылы Іскер әйелдер Ассосиациясының төрайымының орынбасары қызметін атқардым, бүгінгі күнге дейін осы ассоцияацияның мүшісі болып табыламын. Алматы қаласы Бостандық ауданы бойынша қоғамдық кеңестің мүшнесі болып сайландым.

Қазақ тілі мен орыс тілін және компьютерлік техниканы жетік меңгергенмін.

Отбасымда қызымды тәрбиелеп отырмын.