By Куттыбаева Айнур Ермеккалиевна on 30.01.2015
Category: Дополнительные материалы

Өмірбаян

Құттыбаева Айнұр Ермекқалиқызы Қарағанды облысының Шет ауданы Жұмыскер ауылында 1975 жылы 24-ақпанда дүниеге келдім. Анам – Абдрахманова Тиыштық, мектеп-интернатында аспаз болып жұмыс істеген, қазір қайтыс болған, әкем - ауыл еңбеккері. Менің 3 інім және 1 үлкен әпкем бар.

Абай атындағы орта мектепті 1991 жылы бітірдім. Оқуда үздік болдым, математика және биология пәндерінен аудандық олимпиадаларға қатыстым. Спорттың баскетбол және волейбол түрлерімен шұғылдандым.

1991 ж. мектеп бітіргеннен соң Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің Ақпараттану және есептеу техникасы факультетіне оқуға түстім. 1996 ж. Инженер-жүйетехник мамандығы бойынша бітірдім.

1996 ж. қыркүйек айында Қазақ ауыл шаруашылығы экономикасы ғылыми-зерттеу институтының Ақпараттандыру Бөліміне жұмысқа орналастым. 2000-2004 жж. осы ҒЗИ-ның аспирантурасында өндірістен қол үзбейтін бөлімінде оқыдым. 2009 ж. 00.08.05- Экономика және халық шаруашылығын басқару мамандығы бойынша экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін «Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында өндірісті диверсификациялау (Алматы облысының материалдары негізінде)» тақырыбында диссертация қорғадым.

Жанұям: Бекниязов Рашид. Балаларым - Кобланов Сырым Рашидович – Алматы қ. № 169 мектеп-лицейінің 3-сынып үздік оқушысы. Қоблан Азамат Рашидұлы, Қоблан Арай Рашидқызы – 3 жаста егіздер. Алматы қаласында Шаңырақ-1 ықшамауданында тұрамыз.

2006 ж. Қазіргі кезге дейін Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің Ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар институтының Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар кафедрасында аға оқытушы болып жұмыс істеймін. Кафедрада Телекоммуникациядағы опто-талшықты жүйелер, Көпарналы телекоммуникациялық жүйелер пәндерінен сабақ беремін. Унимверситеттің қоғамдық, ғылыми жұмыстарына белсенді қатысамын.

2014 ж. 26-тамызында Халықаралық ақпараттандыру академиясының толық мүшесі болып сайландым.